Жалған | 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласында қауіпті патогендерді сақтайтын биозертхана ашылды

Зертхана ашылды ма?

Биолаборатория в Алматы

Расында да, 9 қыркүйекте Алматыдағы М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығында (ҚКЗИҒО) орталық референтті зертхана ашылды (ОРЗ). Бірақ бұл 2017 жылы емес, 2016 жылы болған жағдай. ОРЗ ашылғаны туралы өткен жылғы репортажды осы жерден оқуға болады.

Үкім: Жалған

Зертхананың жұмыс істей бастағанына бір жыл болды. Бұл мақаланың тың ақпарат ретінде жариялануына «Курсив» сайты редакторының еренсіздігі себеп болған болуы мүмкін, алайда біздікі жорамал ғана. Yvision  авторының өткен жылғы мақаласын аздаған өзгертулермен қайта басқан әріптестеріміздің қателігін көрсету біздің көксеген мақсатымыз емес еді. Біздің ойымыз «америкалық ажал зертханасы» төңірегіндегі тақырыпқа өз үлесімізді қосу болатын. Халықты қатты толғандырып жүрген осы тақырып төңірегіндегі болжамдар мен тұжырымдарды талдап көрелік.

«Зертханада белгісіз  патогендер сақталуда»

2014 жылы Kazakhstan Today 790 қатысушы арасында сауалнама жүргізген, олардың 92%-ы «Алматыда аса қауіпті жұқпалы аурулардың америкалық биозертханасы ашылып, жұмыс істеуіне келісесіз бе?» деген сауалға «жоқ» деп жауап беррген. Агенттік материалында мынадай жолдар бар:

«Негізінде референс-зертхана белгісіз патогендерді зерттеу үшін құрылады, қысқасы бұл жерде аса қауіпті вирустар мен жұқпалы аурулардың ең үлкен жиынтығы орналастырылады».  

Үкім: Жалған

Бұл мәліметке сүйенсек, Алматы ОРЗ-да аса қауіпті вирустар мен жұқпалы аурулардың әлем бойынша ең үлкен жиынтығы орналастырылып, ғылымға белгісіз патогендер зерттелмек.

2014 жылы Kazakhstan Today агенттігінде тиісті ақпараттарды алу мүмкіншілігі бола қойған жоқ шығар деген болжаммен біз зертхананың нақты қандай штамдармен жұмыс істейтінін сұрадық. Бас санитарлық дәрігер Ж.Бекшиннің қолы қойылған ресми жауаптан:

Американская биолаборатория в Алматы

Контекст: Бұрындары Қазақстанда жоғарыда аталған аса қауіпті жұқпалы аурулар тұтанып қана қоймай, індеттің таралғанын да айта кеткен жөн. Негізінде бұл аурулардың табиғи ошағы осы жерде.

Сондықтан да 1948-49  жылдары Алматыдағы обаға қарсы станция негізінде аса қауіпті және карантиндік-бактериялық жұқпалы аурулармен байланысты іргелі әрі қолданбалы зерттеулр жүргізу мақсатында, кәдімгідей үлкен ғылыми орталық ашылған болатын.

1949 жылдан 1992 жылға дейін ол Обаға қарсы Орта Азиялық ғылыми-зерттеулер институты деп аталса, 1992 жылдан 2002 жылға дейін Обаға қарсы Қазақ ҒЗИ деп аталды.

2002 жылы бұл мекеме М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы болып аталды (ҚКЗИҒО).  Сонымен қатар, ОРЗ ҚКЗИҒО-ның құрылымдық бөлімшесі болғандықтан оны «америкалық» зертхана деп атауға келмейтінін айтқан жөн.

«Мұнда америкалық жұмысшылар жұмыс істейді»

Өткен жылы Yvision сайтында жарияланған (Курсивте қайта басылып шыққан) мақалада мынадай жолдар бар:

…АҚШ-тың қатысы мұнымен бітпейтіні (құрылыспен және жабдықтаумен – авт.ескертпесі) анық, себебі бұл нысанда америкалық жұмысшылар жұмыс істемек.

Үкім: Жалған

ҚР бас санитарлық дәрігерінің сөзіне сүйенсек, зертханаға шетелдіктерді жұмысқа тарту жоспарда жоқ.
Биолаборатория в Алматы

«Зертханада биологиялық қару жасап шығарылмақ»

Yvision сайтындағы мақала авторы (және оның «Курсив» сайтындағы жасырын редакторы) америкалықтардың ақшасына салынған ОРЗ-да биологиялық қару жасалады деген де пікір айтқан.  Сөзбе-сөз келтірсек:

Ол орталықты салу төңірегінде дау-дамайдың көп екені рас.  Мәселен, Қорғаныс министрінің орынбасары Әмірбек Тоғысов ОРЗ-ның екі түрлі мақсатты көздейтінін айтқан болатын

Тағы да үзінді (Yvision):

…ОРЗ ашылуы арқылы Қазақстан ЕАЭҚ аумағындағы биологиялық қару жасауға өте қолайлы негізгі эксперименттік алаңға айналуы әбден мүмкін…

Үкім: Жалған

2014 жылдың қаңтар айында ҚКЗИҒО журналистермен кездесіп, салынып жатқан мекемеге экскурсия ұймыдастырған болатын. Орталықтың сол кездегі басшысы Бақыт Атшабардың кесімді жауабын бейнежазбадан көруге болады: орталықта биологиялық қару жасалмайды.

Кездесуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында 2011 жылы бұл мекемеге Ресей тұтынушыларды қадағалау қоғамының бұрынғы басшысы Геннадий Онищенко келгені туралы (Караван, Казахстанская правда) жазылған болатын. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған зертханалардың ешбірі құпия зертханаға жатпайтынын, олардың кез келген уақытта тексеріске дайын екенін айта кеткен жөн.

Анықтама үшін зертханаға қатысты ҚР бас санитарлық дәрігері Бекшиннің factcheck.kz сайтына берген ресми жауабын ұсынамыз:

Билаборатория в Алматы

Американская биолаборатория в Алматы

 

 

 

 

 

 

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz