Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Естеріңізде болса, өткен материалымызда Google жүйесінде ақпарат іздеу туралы жазған едік. ендігі кезек Яндексте.

Яндекстегі кеңейтілген іздеу

Гуглмен салыстырғанда Яндексте іздеу баптаулары бірден көрініп тұрмайды. Іздеу үшін алдымен сұрауды жазып, содан кейін парақшада сүзгіні пайдаланамыз.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Сүзгінің баптауларына назар аударайық.

Аймақта деген орында қарастыратын жерімізді белгілейміз. Мысалға, алматылық чупакабра туралы білгіміз келеді делік, ендеше бұл бөлімге “Алматы” деп жазамыз.

Сайтта деген тұсын нақты бір сайттың не жазғаны қажет болса ғана белгілейміз. Мәселен, nur.kz сайты чупакабра туралы қандай материал бергенін білгіміз келсе, соны белгілейміз.

Тілдер. Яндекс қазақ, орыс, ағылшын, беларусь, индонезия, неміс, татар, түрік, француз, украин тілдерін “таниды”.

Файлдың түрі. Іздеу жүйесі сұрауға сай материалдың бірнеше файлдағы нұсқасын ұсынады, doc, xls, pdf сияқты стандарт түрлерінен басталып, swf сияқты флеш-форматтарға дейін бар (қазір флеш жиі қолданылмайды, бұл ескі оқиғаларды іздеу кезінде керек). Іздеу жүйесі басқа файл түрлерін тауып бермейді.

Бір тәулікте, 2 аптада, бір айда, …бастап, …дейін арқылы кілтсөзді белгілеу арқылы материалдың жарияланған күніне сүзгі қоюға болады.

Мейлінше жылдам табу үшін…

Іздеуге уақыт кетіріп, жүйкеңізді тоздырмас үшін Гуглдағы секілді Яндексте де кейбір белгілерді пайдалануға болады.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Сөздің алдындағы леп белгісі (!) сілтемеден дәл осындай тіркеспен іздеуге мүмкіндік береді.

Материалда бірден бірнеше кілтсөз болуы үшін + белгісін пайдаланыңыз.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктеріІздеп отырған құжатыңыздағы нақты цитатаны білсеңіз, оны тырнақшаға жазып іздегеніңіз жөн.

Егер іздеген тіркесіңізді толық білмесеңіз, ұмытып қалған сөзіңіздің орнына * белгісін қойыңыз.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктеріЕгер бірнеше кілтсөз бойынша іздеп отырсаңыз және тым болмаса солардың біреуі бойынша материал тапқыңыз келсе, | белгісін пайдалануға болады.

Қандай да бір кілтсөздің аса маңызы жоқ болса, оның алдына минус белгісін қойыңыз. Егер кілтсөзді белгілі бір веб парақшадан тапқыңыз келсе, url: деп жазып, парақшаға сілтеме қойыңыз.

Кілтсөзді белгілі бір хостингте орналасқан парақшалардан табуды көздесеңіз, іздеген сөзіңізді жазып, одан кейін host:деп, сосын оның атын жазасыз.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Яндекc Каталогта тіркелген сайттардан кілтсөз бойынша материал табу үшін қажет сөзді жазып, одан кейін “cat:” деп жазып, содан кейін аймақтың идентификаторын немесе тақырыптық рубриканы көрсету керек. Аймақтардың коды мына жерде, оларға 11000000-ды қосу керек. Рубрикалардың коды басқа сілтемеде, оларға 9000000-ды қосу керек. Мәселен, “чупакабра” деген кілтсөз бойынша “Кулинария” бөлімінен іздесеңіз, осындай атауы бар коктейльді табуға болады.

Іздеуші сиқыршылар

Іздеу кезінде нәтиже берілген парақшаның бетінде сұрақтарға жауап беретін іздеу элементтерін Яндекс осылай атайды. Сиқыршылар көмектесе алатын тақырыптардың біразы мынадай:

  • Авто – машинаның бағасы және сатылымы.
  • Мекенжай. Сиқыршы ізделетін ақпаратты Яндекс.Анықтама бөлімінен алып береді, яғни ізделіп отырған мекеменің картада орналасуын көрсетеді. Егер сұрауда мекенжай көрсетілмесе, сиқыршы сұрауға сәйкес келетін жақын маңдағы ұйымдардың мекенжайын көрсетеді.
  • Афиша – Яндекс.Афиша ақпараттары алынады.
  • Вакансия – Яндекс.Жұмыс мәліметтері алынады.
  • Валюта калькуляторы. Яндекстің айтуынша, сервистің серіктестерінен алынған мәліметтер бойынша жұмыс істейді. Негізгі курс калькулятор көрсеткеннен бөлек болуы да мүмкін.   
  • Видео
  • Википедия
  • Уақыт
  • Суреттер
  • Карталар
  • Конвертер
  • Котировка – биржа индекстері, алтынның бағасы, т.б.
  • Маркет
  • Музыкалық плеер
  • Жаңалықтар
  • Судың өшірілуі (қазіргі кезде бұл тетік Мәскеу, Қазан, Новосібір, Нижний Новгород қалалары үшін жарамды).
  • Ауа райы
  • Психологиялық көмек (көмек көрсететін орталықтардың немесе жедел желілердің нөмірі).
  • Кесте – Яндекс.Кесте мәліметтері алынады.
  • Өлең жолдары – Яндекстің айтуынша, сиқыршы белгілі поэзия туындыларынан үзінді келтірілген жағдайда пайда болады. Ол шығарманың авторы мен атауы туралы мәліметті біледі, осы шығарманың толық нұсқасын қандай ресурстан табуға болатынын да көрсетеді.
  • Телебағдарлама
  • Пайдаланушының IP-адресі

Фактіні және объектіні іздеу

Фактілік іздеудің жауабы – іздеу жүйесінің бұл элементінде сұрауыңызға қысқаша жауап берген карточка іздеу нәтижесінің ең үстінде тұрады. Фактілік жауапты көрсету және оның мазмұны Яндекс алгоритміне сай автоматты түрде қабылданады. Сондықтан карточкадағы мәлімет өзгеруі мүмкін немесе карточка мүлдем көрінбеуі де мүмкін. Фактілік жауап жарнама емес, ол сайттарды дамыту үшін пайдаланылмайды. Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Объектіні іздеудің жауабы – іздеу нәтижесінің оң жағында орналасқан іздеу мәліметін беру элементі. Ол сұрауыңыз бойынша жалпы мәлімет пен суреті берілген карточкадан тұрады, бұл сұрауыңызға іздеу нәтижесі берілген парақшада жауап беру үшін маңызды. Объектінің карточкасы семантикалық кескін көмегімен автоматты түрде беріледі, бұл – объектінің ұқсастығын, қасиеттерін, бір-бірімен байланысын суреттейтін үлгі. Объекті туралы ақпарат ондаған дерек көзінен алынады, Мысалы, музыканттарға қатысты мәліметтер Википедиядан алынады, discogs.com, musicbrainz.com және басқа да құрылымдық мәліметтер бар арнайы порталдардан табылады.

Жүйе ақпараттың сәйкестік деңгейін бағалап, қайталанатын мәліметтер мен бір-біріне қарама-қайшы фактілерді сүзгіден өткізеді (мысалы, бір адамның өмір сүрген уақытын екі түрлі көрсететін болса), ал бір-бірін толықтыратын мәліметтерді карточкаға қосады. Карточканы түзудің басқа да ерекшеліктерін Яндекс сайтынан оқуға болады.

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Тезірек, күрделірек, ақылдырақ

2017 жылдың тамыз айында Яндекс іздеудің жаңа нұсқасын іске қосты, ол “Королев” іздеу алгоритміне негізделген. Жаңа нұсқа нейрон желісінің көмегімен сұраудың мағынасы мен веб парақшаларды салыстырады, соның нәтижесінде Яндекс күрделі сұрауларға нақтырақ жауап бере алады. Іздеудің жаңа нұсқасын үйрету үшін іздеу статистикасы мен Яндекс пайдаланушылардың берген бағасы пайдаланылады.

Яндекс бұған дейін де нейрон желілерін пайдаланған болатын. Ол кезде суреттегі мәтінді тануды үйреткен болатын. Нейрон желілері “Сибирь” компьютерлік көру технологиясына да негіз болды, мұнда алгоритм жүктелген картинаны визуал сөздерге бөліп, солардың көмегімен өзіне мәлім миллиардтаған суретпен салыстырып, дубликаттарды бөліп береді.

Сурет, видео және жаңалық бойынша іздеу

Суреттерді іздееуге Яндекс.Картинка көмектеседі. Онда келесідей сүзгілер бар:  

  • Мөлшері – үлкен, орташа, кішкентай, кез келген.
  • Бағдары – көлбеу, тік, төртбұрыш, кез келген.
  • Түрі – фото, ақ сурет, сызба түріндегі сурет, адамның беті, демотиваторлар.
  • Түсі – кез келген, түрлі-түсті, ақ-қара + таңдауыңызға қарай 9 түс бар.  
  • Файл – кез келген, JPEG, PNG, GIF.
  • Соңғылары

Видеода екі-ақ сүзгі бар:

  • Ұзақтығы – кез келген, 10 минутқа дейін, 10-65 минут, 65 минуттан көп.  
  • Формат HD

Яндексте іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Жаңалықтарды да сүзгіден өткізуге болады:

  • күні бойынша
  • релеванттық бойынша
  • сюжет бойынша топтау
  • хабарлама, мақала, видео, интервью, фотографияға бөлу
  • мерзіміне қарай таңдау – бүгін, соңғы үш күнде, соңғы аптада немесе көрсетілген мерзімде.

Іздеу нәтижелі болсын!

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz