ШЫНДЫҚ | Украина Сталин мен Берияға қатысты қылмыстық іс қозғады

Украина мен Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Украинаның Сталин, Берия және Кагановичке қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Украинаның бас прокуратурасы оларды Қырым АКСР жерінен қырым татарлары мен өзге ұлт өкілдерін жер аударды деп айыптап отыр.

Үкім: Шындық

Бұл туралы Украина бас прокуратурасының сайты жариялап отыр.

Прокуратураның хабарлауынша, 1944 жылы Қырым АКСР жерінен қырым татарлары мен өзге халықтарды зорлықпен жер аударту процесі бойынша тергеу жұмыстары 2015 жылдың желтоқсан айында басталған.

“Сотқа дейінгі тергеу барысында кажетті ақпарат Украинаның барлық мемлекеттік мекемелерінен жиналған» делінген хабарда. Мұрағат құжаттарының көшірмесін алу және куәларды тауып, олардан жауап алу мақсатында халықаралық құқықтық көмек алу үшін Өзбекстан, Қазақстан Республикалары мен Ресей Федерациясына түрлі сауалдар жолданған.

Дегенмен, Лазарь Кагановичтің (2010 жылы Ашаршылыққа қатысты қаралған іс үкімімен салыстырғанда) ресми түрде қатысы жоқ: Бүгінгі таңда Қырым Автономиялық Республикасының прокуратурасы қомақты дәлел жинап, қазіргі кезде Украинаның Қылмыстық Кодексінің 442-бабының 1-тармағы бойынша Сталин және Берия Лаврентий Павлович қылмыс жасады деген хабарлама жобасы әзірленіп қойған. Қырым прокуроры Гюндуз Мамедов 2017 жылы 18 сәуір күні Украинаның бас прокурорымен кездесу барысында:

Бұл тек бастамасы, біз осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында осы оқиғаға қатысы бар басқа да адамдарды анықтаймыз. Алдын ала осындай қылмысты бұйрықты орындаушыларды анықтадық

– деді.

Кездесудің бейнежазбасын төмендегі видеодан көре аласыздар (Дерек көзі: Украина бас прокуратурасының ресми сайты).


Контекст: Қырым татарларын Қырым АКСР жерінен (Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында) 1944 жылдың мамыр айында КСРО-ның мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімімен ішкі істер халық комиссариаты көшірген болатын. Ресми түрде мұны «қырым татарлары Ұлы Отан соғысы кезінде ұлтшыл Германия жағында жүрген сатқындар құрамында болған» деген дерекке негіздеген.

1989 жылы КСРО-ның Жоғары Кеңесі бұл шешімді заңсыз деп танып, халықтарды қуғын-сүргінге ұшыратқан әрекеттерді қылмыс деп атады.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz