ШЫНДЫҚ | Қытай азаматы үш бидің “төбесіне шыққан”

Сәуірдің 28-і күні Фейсбук әлеуметтік желісінде үш бидің ескерткішіне шығып, әртүрлі қимылдар көрсетіп суретке түскен белгісіз жігіттің суреті жарияланған болатын. Бірқатар журналистер «елімізге келіп тайраңдаған қытайға» тісін қайрап, әртүрлі балағат сөз айтып та үлгерген. Алайда, суреттегі жігіттің шынымен де қытай азаматы екені анықталғанымен, бұл ескерткіш Қазақстанда емес, Қытайда болып шықты.

Үкім: Шындық

Дәлірек айтқанда, Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай қазақ автономиялы ауданына орнатылған ескерткіш екені анықталды. Сонымен қатар, суреттегі қытай жігіті де табылып, бұл қылығы үшін қазақ халқынан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұраған видео тарады.

Factcheck.kz