ШЫНДЫҚ | Қазақстанда соңғы 10 жылда педофилдер саны артқан

2016 жылдың 14 желтоқсанында “Нұр Отан” фракциясының депутаты Платонов Артур Станиславович  өзінің депутаттық сауалында “Қазақстанда соңғы 10 жылда педофилдер саны артып келеді” деп мәлімдеген болатын.

Үкім: Шындық

ШЫНДЫҚ | Қазақстанда соңғы 10 жылда педофилдер саны артқан
Скрин parlam.kz/ru/blogs/platonov порталынан

Депутаттың бұл мәлімдемесі – шындық. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы 10 жылда педофилдердің саны жыл сайын артып отырған. 

ҚС және АЕАЖК төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Ахметовтың сөзінше, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық әрекетке бару бойынша сотталған тұлғалар туралы мәліметтер тек 2008 жылдан бастап жасалып келеді екен. Сол себептен де оған дейінгі мәліметтерді ұсыну мүмкіндігі болмаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде жасөспірімдерге қатысты  сексуалды зорлық-зомбылық көрсету бойынша соңғы онжылдықтың статистикасы төмендегідей:

*Анықтама үшін (ҚР ҚК баптарына тінтуірді жақындатыңыз):

  • ҚР ҚК-нің 120-бабы
  • ҚР ҚК-нің 121-бабы
  • ҚР ҚК-нің 122-бабы
  • ҚР ҚК-нің 123-бабы
  • ҚР ҚК-нің 124-бабы

Соңғы 5 жылдағы дәл осындай статистикалық мәліметтерді өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, көш басында Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары тұр.

Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалды зорлық-зомбылық көрсету бойынша әскери қызметкерлердің арасында соңғы 10 жылда 25 дерек тіркелген.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz