ШЫНДЫҚ | Қазақстанда қарттар мен балалар үлесі артуда – Біртанов

Біз осы материал арқылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың  МӘМС туралы айтқан мәлімдемелеріне қатысты материалдар циклын бастаймыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың «Хабар» арнасындағы теледебатта айтқан «Қазір бізде халықтың қартаюы мен бала санының артуы байқалуда» деген сөзі шындыққа сәйкес.

Үкім: Шындық

Біртановтың айтуынша, соңғы жылдары елімізде балалар мен қарттардың саны артып келеді. Министр сөзінің рас-өтірігін тексеру үшін 2009 жылғы ҚР халқының Ұлттық санағы мәліметтері мен ҰЭМ Статистика комитеті сайтындағы соңғы мәліметтерді салыстырдық.

2009 жылы 0-14 жастағы балалар саны жалпы халық санының 24,06 пайызына тең болса, 2016 жылы 27,13 пайыз болған. Ал 60 жастан асқан азаматтар үлесі 9,7 пайыздан 10,7 пайызға артқан.

Мәліметтерді нақтылар болсақ, Қазақстандағы балалар шамамен 1 миллионға (940 000), ал егде жастағы азаматтар саны 350 мыңға көбейген.

Мәліметтер stat.gov.kz порталынан алынды

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz