ШЫНДЫҚ | Қазақстанда әр адвокатқа 3900 азаматтан келеді

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев 2017 жылдың 29 мамырында нотариат және адвокатура институтының әрі қарайғы дамуы мен саланы реформалау туралы баяндамасында Қазақстанда әр адвокатқа 3900 азаматтан келетінін айтқан болатын.

Үкім: Шындық

Республика бойынша адвокаттар реестрін қарағанымызда, 4635 адвокат бар екенін білдік. Республика халқының саны 18 млн десек, 18 000 000 / 4635 = 3883. Әр жарты жыл сайын адвокаттар тізіміне бірді-екілі адам қосылып, бір-екеуі лицензиясынан айырылып қалатынын ескерсек, Әділет министрінің айтып отырғаны шындыққа жанасады.

Сондай-ақ, М.Бекетаев салыстыру ретінде Германияда әр 500 адамға 1 адвокаттан келетінін, ал Англияда 890 адамнан келетінін, Италияда бұл көрсеткіш 260 адам екенін айтады.

Үкім: Жартылай шындық

Ұлыбритания халқының саны орта есеппен 65 миллион десек, елдегі адвокаттар саны соңғы дерек бойынша 180 000 адамның айналасында. 65 000 000 / 180 000 = 361,1.

Италия халқының саны – 60 миллион. 2009 жылғы дерек бойынша, елдегі адвокаттар саны 230 000. Егер 60 миллионды 230 мыңға бөлсек, 260,8 болады.

Германия халқының саны, соңғы мәліметтер бойынша, 82 800 000. Ал адвокаттар саны 2010 жылы 153 000 болған екен. Бөлсек, шамамен 540-тан келеді.

Factcheck.kz