ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды

Жуырда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Талдыкөлден шығатын күкіртсутек иісі жойылғаны туралы есеп берді. Бұл иіс астаналық әкімдердің біразының бас қатырған мәселесі еді.

Талдыкөлге қатысты екінші станция толық пайдалануға берілді. Күкіртсутектің иісі жойылды. Абаттандыру, көгалдандыру және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады,

– деп мәлімдеді Исекешев.

Үкім: Шындық

Біз Талдыкөлге жақын маңда тұратын Астана тұрғындарынан «Соңғы уақытта жағымсыз иісті сезіп жүрсіздер ме?» деп сұраған едік. Көлге жақын тұратын тұрғындар соңғы уақытта жағымсыз иістің шын мәнінде жоғалғанын айтты, дегенмен, маса-шіркей сынды жәндіктердің тым қатты көбейіп кеткеніне шағымданды.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Қазір бұрынғыдай иіс жоқ. Алдыңғы жылдары КамАЗ көліктерімен таситын кезде иіс болатын, өйткені олар қазып, сыртқа шығаратын еді. Қазір ондай жоқ. Тек жәндіктер көбейіп кетті. Жаз бойы жәндіктерден зәбір көреміз, серуендеу, стадионға бару мүмкін емес. Балаларды түгел талап тастаған.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Жұмагүл апа, жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Иіс жоқ, көктемде де болған жоқ.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Ирма, жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Ешқандай иісті сезбейтін сияқтымын. Далаға сирек шығамын, онда да бұл жақта жүрмеймін. Осында көшіп келген кезде де иісті сезбейтінмін, бірақ сол кездің өзінде кейде иіс бар деп жататын. Қазір иіс жоқ.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Төлеген, жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Меніңше, ешқандай иіс жоқ сияқты.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Темірбек, жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Біз жақында ғана көшіп келдік, әлі ештеңе сезіп үлгермедік. Бұрын иіс болған деседі, соңғы уақытта сезілмейді деп жүр.

ШЫНДЫҚ | Исекешев Талдыкөл туралы: күкіртсутектің иісі жойылды
Айгерім, жергілікті тұрғын. Фото Григорий Белыйдікі

Қар еріген кезде иіс шығатын шығар деп уайымдаған едік, бірақ иіс мүлдем жоқ. Осы жерден пәтер сатып алғанымызға бір жыл болды. Сатып алмас бұрын бірнеше рет келдік, иіске бола уайымдаған едік, бірақ иіс болған жоқ. «Мега» жақтан иіс сеземін, бұл жерде мүлдем жоқ. Анау жақта бірдеңені тазалап жатыр. Қатты иіс болатын шығар деп қорқып едім, ондай болмады.

Біз сөйлескен басқа жергілікті тұрғындар да бұрынғыдай жағымсыз иістің жоқ екенін айтты. Тек барлығы дерлік көлге жақын маңда маса-шіркей өте көп екенін алға тартты.

Factcheck.kz