ШЫНДЫҚ | ЕЭО елдері арасында инфляция деңгейі ең жоғары ел – Қазақстан

Қазақстан ЕЭО елдері арасында инфляция көрсеткіші жөнінен алдыңғы қатарда. Бұл туралы 7kun.kz сайты Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасай отырып, хабарлады.  

Үкім | Шындық

Ұлттық банктің дерегінше, 2017 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі  7,1% көрсеткен. Бұл одаққа мүше өзге елдерден әлдеқайда артық. Инфляция деңгейі Ресей Федерациясында 2,5%, Арменияда 2,6%,  Беларусьте  4,6%, Қырғызстанда 3,7 %.

Әлем елдерімен салыстырғанда Қазақстан  инфляция  бағамы бойынша орташа көрсеткішке ие. Дүниежүзілік банктің 2016 жылғы рейтингінде Суринам мемлекетінің инфляция деңгейі 50%-дан да асқан.

Factcheck.kz