ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің: «Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда», – деген пікірі шындыққа жанасады.

Астана тұрғын үйлер инфографика

Астана тұрғын үйлер инфографика

Астанада қазіргі таңда 1940-1980 жылдар аралығында салынған 228 апатты үй бар. «Сарыарқа» ауданы бойынша – 129 үй, «Алматы» ауданы бойынша – 78 үй және «Есіл» ауданы бойынша – 21 үй. Соның 117-сінен 1500-ден аса отбасы жаңа пәтерлерге көшірілді. Осындай ақпаратты бірқатар сайттар Елорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр. Ал Астана қаласы әкімдігінің сайтында былай жазылған:

ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
Скриншот astana.gov.kz сайтынан 

Байқағанымыздай, қаланың ресми сайты Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес ақпарат таратқан. Әкімдіктің айтуынша, тозу деңгейі жоғары 1940-1980 жылдардағы салынған үйлер түгелімен бұзылады. Ал, тұрғындары жаңа пәтерлерге көшеді.

«Астана ақшамы» газетінің ресми сайтында «Сұрықсыз үйлер қашан сүріледі?» атты мақала жарық көрген.

ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
скриншот http://www.astana-akshamy.kz сайтынан
ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
Cкриншот: astana-akshamy.kz сайтынан 

Мақалада жазылғандай, Астанадағы апатты үйлерді бұзу «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.  Ал «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – ескірген үйлерді жаңадан салу:

ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
Скриншот http://baiterek.gov.kz сайтынан 

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Асхат Елеужановпен сұхбаттасыпты.

 

Асхат Елеужанов былай дейді:

 Бұл ретте 2013 жылдың аяғынан бастап 2016 жылға дейін 117 апатты үйдің тұрғындарына, яғни 1570 отбасына жаңа пәтер берілгенін айту керек. Қалған 111 апатты үйде тұратын 1870 отбасы шамамен жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшетін болады. 

Ақпарат шындыққа сәйкес келеді. 1500-ден аса отбасының қазіргі таңда жаңа пәтерде тұрып жатқанын Асхат Елеужанов мырза да растап отыр.

 

ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
скриншот http://www.astana-akshamy.kz сайтынан

Ал, 2017 жылы қаңтар – наурыз айларында Астанадағы тұрғын үй құрылысына 29013,2 млн тг инвестиция бөлінген екен. Нәтижесінде 907289 шаршы метр болатын 8967 пәтерлік тұрғын үйлер халыққа пайдалануға берілген.

ШЫНДЫҚ | Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді
скриншот http://www.stat.gov.kz сайтынан

Қазіргі таңда Астанада тозу қаупі бар ескі үйден 1570 отбасының жаңа пәтерлерге көшкені шындыққа сәйкес келеді. Астана қаласының ресми сайты таратқан ақпарат пен «Астана ақшамы» жариялаған мақала Статистика комитеті жариялаған мәліметтермен сәйкес келеді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz