Министрометр: Нұрлан Ермекбаев уәдесінде тұрды ма?

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіндегі соңғы ауыс-түйіске байланысты Нұрлан Ермекбаевтың министр болған жылдардағы берген уәделерін тексеріп көрген едік. 

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев — 2016 жылдың 13 қыркүйегі мен 2018 жылдың 4 сәуірі аралығында Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды. Нұрлан Байұзақұлы кейбір Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгіземін деп есте қалды: мәселен, дінге сенбейтіндердің сезімін қорлағаны үшін айыппұл салу; қоғамдық орындарда бетті толық жауып тұратын киімді киюге тыйым салу; заңды тіркеуі жоқ діни некелерге тыйым салу; «деструктивті діни, ағым» ұғымының мағынасын анықтау және тағы басқалары. Ендеше, Нұрлан Байұзақұлының берген уәделерін бірге тексерейік.

Уәделерді қадағалауға арналған материалдар:

1. matritca.kz: Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) инвентеризация мен оптимизация жүргізу арқылы жұмыс істемей жатқан ұйымдарды анықтап, жабамын деп уәде берді.
2. informburo.kz: Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) грант бөлуге қатысты нормаларға сарапшы комиссияны таңдау ережелерін енгізіп, сарапшы комиссияның құрамына кіретін мамандарға арнайы тәртіп орнатылады.
3. today.kz: 2017 жылдың 1 тамызынан бастап заңсыз контенті бар сайттарға мониторинг жүргізетін «КиберНадзор» жобасы іске қосылады.
4. YouTube: Дін туралы заңдағы өзгертулерге міндетті вакцинация енбейді.

5. Zonakz.net: 2017 жылы Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ақпараттар базасы көпшілікке қолжетімді болады.
6. Today.kz: 2017 жылдан бастап іске асқан жобаларға байланысты Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) сыйақы төленеді.
7. YouTube: Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) грант бөлудің жаңа ережелерін жасап, бекітеміз.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz