МАНИПУЛЯЦИЯ | Статистика комитеті: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%

    ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті келтірген деректер бойынша, 2017 жылдың І тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға тең болған.

    Статком келтірген деректерге сүйенсек:

    2017 жылдың і тоқсанында жұмыссыздар саны (15 жастан жоғары, кірісі жоқ, белсенді жұмыс іздемеген және оған кірісуге дайын болмаған жандар) 439,2 мың адам болды.  

    жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды (2016 жылдың і тоқсанында 5,1% болған). 2017 жылдың і тоқсаны бойынша, жұмыссыз ер адамдардың үлесі 45,8% (200,9 мың адам) болса, әйелдер 54,2% (238,3 мың адам) болған.

    2015-2017 жж. жұмыссыздық деңгейінің динамикасы (пайызбен)

    Динамика безработицы
    Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

    Бұл еліміздің еңбек нарығындағы жағдай Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жақсы екенін білдіреді. Мәселен, Германияда жұмыссыздық деңгейі 6% болса, Францияда 9%-ға жеткен. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуінің құпиясы неде екенін Factcheck.kz тілшілері анықтауға тырысқан еді.

    Үкім: Манипуляция

    Отандық статистика өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтарды да жұмыссыздар қатарына жатқызбайды, ал олардың табысы кейде күнкөріс минимумына да жетпей жатады. Статистика комитеті бұл категорияны «өнімсіз жұмыспен қамтылғандар» деп атайды.

    өнімсіз жұмыспен қамтылғандар тобына өз-өзін жұмыспен қамтығандардың келесі категориялары кіреді:

    -тіркелген және тіркелмегендердің ішіндегі әрекетсіз адамдар;

    -отбасылық кәсіпорынның (шаруашылықтың) ақы алмайтын жұмыскерлері – орташа айлық табыс деңгейіне қарамастан;

    -жеке негізде жұмыс істейтін өндірістік кооператив мүшелері;

    -бір бөлігін тұтыну, ауыстыру (сату) үшін өнім өндіретін жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс істейтіндер;

    -тек қана ауыстыру (сату) үшін жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс істейтіндер –

    Орташа айлық табысы күнкөріс минимумынан төмен болған жағдайда.

    ҚР ҰЭМ Статистика комитеті әдістемесін осылай түсіндіреді.

    Шын мәнінде бұл адамдар тұрақты табысы бар жұмысқа мұқтаж. Оларды жұмыссыздар қатарына жатқызуға да болады.

    Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда жұмысшы күшінің жалпы саны 8,9 миллион адамға тең, жұмыссыздар саны 439,2 мың адам, ал өнімсіз жұмыспен қамтылғандар саны 296,9 мың адам. Яғни, елдегі жұмыссыздардың шынайы саны (өнімсіз жұмыспен қамтылғандарды қосқанда) 736,1 мың адамға тең.

    Бұл категорияға жататындарды қосқанда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 8,3%-ға жетеді. Оны анықтау үшін ЖД = Ж ÷ ЖК ×100 формуласын пайдаландық.

    0,736 ÷ 8,9×100 = 8,3%

    ЖД – жұмыссыздық деңгейі, Ж – жұмыссыз халық саны, ЖК – жалпы жұмыс күші.

    2015-2017 жж. І тоқсандағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер   

    15 жастан жоғары халық саны
    I тоқсан IV тоқсан  2016 ж.
    2015 ж. 2016 ж. 2017 ж.
    Жұмысшы күші, мың адам 8896,5 8835,4 8893,4 8 963,6
    15 жастан жоғары жұмысшы күшінің халық санына шаққандағы үлесі, пайызбен 70,9 69,6 69,4 70,1
    Жұмыс істейтін халық, мың адам 8449,2 8388,4 8454,2 8 522,3
    Жұмыспен қамтылу деңгейі, пайызбен:
    15 жастан жоғары халыққа қатысты 67,3 66,0 66,0 66,6
    жұмысшы күшіне қатысты 95,0 94,9 95,1 95,1
    Жалдамалы жұмысшылар, мың адам 6223,1 6262,3 6353,5 6 361,5
    Жұмыс істейтін халықтың үлесі, пайызбен 73,7 74,7 75,2 74,6
    Өз-өзін жұмыспен қамтығандар, мың адам 2226,1 2126,1 2100,7 2 160,8
    Жұмыс істейтін халықтың үлесі, пайызбен 26,3 25,3 24,8 25,4
    Өнімді жұмыспен қамтылғандар 1664,7 1836,7   1803,8 1816,9
    Өнімсіз жұмыспен қамтылғандар 561,4 289,4    296,9 343,9
    Жұмыссыз халық, мың адам 447,3 447,0 439,2 441,3
    Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен 5,0 5,1 4,9 4,9
    15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам 55,7 50,7 36,3 43,2
    Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

    (15-24 жас аралығындағылар)2

    4,2 4,2 3,8 3,9
    15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам 104,0 102,3 80,4 91,6
    Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, пайызбен (15-28 жас аралығындағылар)3 4,3 4,4 3,9 4,2
    Ұзаққа созылған жұмыссыздық деңгейі, пайызбен 2,5 2,1 1,9 2,4
    Жұмысшы күші қатарына жатпайтындар 3659,9 3864,8 3919,5 3 832,3
    Халық санындағы 15 жастан жоғары, жұмысшы күші қатарына жатпайтындардың үлесі, пайызбен 29,1 30,4 30,6 29,9

    Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

    1)  Мұнда және әрі қарай жұмыспен қамтылудың жаңа стандарттарына сай деректер берілді (19-шы Еңбек статистерінің халықаралық конференциясы және Халықаралық еңбек ұйымы).

    2) Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары бойынша.

    3) ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы бойынша.


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.