МАНИПУЛЯЦИЯ | Қазақстаннан шетелдіктердің бала асырап алуы 48 есеге азайған

    Фото ҚР БҒМ баспасөз қызметінікі

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Асланбек Амриннің мәлімдеуінше, 2010 жылға дейін шетелдіктер Қазақстаннан 6000-нан аса бала асырап алған, ал Асырап алу туралы конвенция күшіне енгеннен бастап тек 125 бала асырап алған. Амрин мырза келтіріп отырған деректер бала асырап алудың 48 есеге дейін азайғанын көрсетеді.

    Үкім: Манипуляция

    Шындығында шетелдіктердің Қазақстаннан бала асырап алуы 48 есеге емес, 20 есеге азайған.

    Біріншіден, конвенция қабылданғанға дейінгі және кейінгі балалардың санын салыстыру дұрыс емес, өйткені екеуінің уақыты тең емес (14 жыл және 4 жыл). Екіншіден, «6000-нан аса» деген шынайы көрсеткіштен әлдеқайда алшақ, шынайы көрсеткіш – 8806.

    2010 жылы Қазақстан Балаларды қорғау және шетелдіктердің асырап алуына қатысты әріптестік туралы Гаага Конвенциясын ратификациялағаннан кейін шетел азаматтары асырап алатын қазақстандық балалардың саны күрт кеміген.

    2011 және 2012 жылдар өтпелі кезең болды да, жаңа жүйе тек ұлттық заңнама Конвенцияның стандарттарына сәйкестендірілгеннен кейін ғана толықтай күшіне енді.

    ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің ресми сайтында келтірілген деректерге қарағанда, 2012 жылы ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі күшіне енгеннен бастап Қазақстанда бала асырап алу тәртібі өзгеріп, тек аккредитациядан өткен агенттіктер арқылы жүзеге асатын болған, бұл процедураның ашықтығын қамтамасыз еткен.

    Сондай-ақ, Комитеттің сайтында «Балаларды қорғау және шетелдіктердің асырап алуына қатысты әріптестік туралы Гаага Конвенциясы» ратификацияланғанға дейінгі және кейінгі шетел азаматтары асырап алған балалар туралы мәліметтер де келтірілген.

    Бұл ақпараттың сайтта тек біздің редакцияның ресми сауал жолдауынан кейін ғана пайда болғанын айта кеткен жөн.

    МАНИПУЛЯЦИЯ | Қазақстаннан шетелдіктердің бала асырап алуы 48 есеге азайған
    Скриншот bala-kkk.kz сайтынан

    1999 жылдан 2012 жылға дейінгі 14 жыл ішінде (екі жылды қоса есептегенде) шетелдіктер 8806 бала асырап алған, орта есеппен жылына 629 баладан келеді.

    Ал 2013-2016 жылдары шетелдіктер 125 бала асырап алған, орта есеппен жылына 31 баладан келеді.

    МАНИПУЛЯЦИЯ | Қазақстаннан шетелдіктердің бала асырап алуы 48 есеге азайған
    Инфографика factcheck.kz

     

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

    ЖАУАБЫН ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

    Please enter your comment!
    Please enter your name here