МАНИПУЛЯЦИЯ | Қазақстанда жалақы өсті

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылдың алғашқы тоқсанына жасаған есебінде «орташа жалақы 148,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда 3,8 пайызға артты» деген болатын. Осы сөзді негізге ала отырып, ақпарат таратқан oinet.kz сайты 18 сәуір күнгі шығарылымында «Қазақстанда жалақы өсті» деп хабарлаған. Алайда, орташа жалақының өскенін жалпы жалақы өстіге теңестіру қисынсыз.    

oinet.kz
скрин oinet.kz сайтынан

Үкім: Манипуляция

Қаржылық тұрғыда алғанда, жалақының өсуі мен орташа жалақының өсуі – екі түрлі түсінік. Алғашқысы жалпы азаматтардың еңбекақысы артқанын меңзесе, екіншісінде жалақы көлемінде айырмашылық (wage gap) бар әлеуметтік санаттардың тек бірінде ғана жалақы өсіп, соның нәтижесінде ғана орташа жалақы артуы мүмкін.

Одан бөлек, жалақы өскенімен, оның шынайы құны осымен екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Finprom.kz сараптама агенттінің жазуынша, қазақстандықтардың нақты табысы 2017 жылдың басынан бері құнсызданған және бұл – екінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқан тенденция.

Finprom.kz
Скрин Finprom.kz сайтынан
Сонымен қатар, номиналды жалақы көлемі артқанымен, шынайы еңбекақы құнының төмендегенін Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы комиссия да хабарлаған еді. Олардың айтуынша, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандықтардың таза еңбекақысы 0,9 пайызға құнсызданған.

lsm.kz
скрин lsm.kz сайтынан
Factcheck.kz