ҚР ҚК 174-бабы. Әлеуметтік желідегі комментарий үшін сотқа тартылу мүмкін бе?

ҚР ҚК 174-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны жылдан-жылға артып келеді. Яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты тудыру.

Біз Қазақстандағы сөз бостандығының қал-ахуалына назар аударған едік. Сонымен бірге, «тыйым салынған» тақырыптарға пікір білдіргенің үшін, Facebook желісіндегі комментарий үшін қылмыстық қудалауға ұшырау мүмкін бе? – деген сұраққа жауап беруге тырыстық.

Үкімін бірден айтайық, бұл – шындық.

Қазақстанда әлеуметтік желідегі комментарий үшін сотқа шақырылып қана қоймай, айтарлықтай жазаға тартылуыңыз да мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде 2017 жылы ҚР ҚК 174-бабы бойынша 219  құқық бұзушылық тіркелген. Деректер Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінен алынды.

!function(e,t,n,s){var i=”InfogramEmbeds”,o=e.getElementsByTagName(t)[0],d=/^http:/.test(e.location)?”http:”:”https:”;if(/^\/{2}/.test(s)&&(s=d+s),window[i]&&window[i].initialized)window[i].process&&window[i].process();else if(!e.getElementById(n)){var a=e.createElement(t);a.async=1,a.id=n,a.src=s,o.parentNode.insertBefore(a,o)}}(document,”script”,”infogram-async”,”https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js”);

Сарапшылар пікірі

Евгений Жовтис, Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро Кеңесінің төрағасы:

«Бұл бап бойынша адамды жауапкершілікке тарту үшін араздық тудыру, соны насихаттау, күш көрсетуге шақыру, тағысын тағы екенін көрсететін нақты дәлел керек. Алайда, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларынан да, басқа комментарийлерден де әлеуметтік және ұлттық алауыздықты тудыру дегеннің анықтамасын таба алмайсыз».

Әлдекім әлденені жазады (байқамай немесе әдейі), әрі қарай мемлекет, жұмсақтап айтқанда ішінен әлдебірін іріктеп алып, әлдекімді жазаға тартады. Тіпті, әрекет тұрғысынан ешқандай салдары болмаса да.

Биылғы қаңтар айында Астана соты «Иегова куәгерлері христиан қауымдастығы» діни бірлестігінің өкілі Теймур Ахмедовті діни алауыздықты тудырғаны үшін бес жылға түрмеге жапты. Ал прокурор Ахмедовті алты жыл сегіз айға түрмеге жабу жазасын сұраған.

2017 жылдың 2 мамырында діни алауыздық тудырғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚР ҚК 174-бабы), бес жылға бас бостандығынан айырылған.

20 маусымда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Қазақстандағы сөз бостандығына орай құқық бұзушылық статистикасы

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қорының мәліметтері бойынша, 2017 жылы ҚР ҚК 174-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде 17 қудалау мен айыптау тіркелген.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=1qLUq72Z0Dw_wOAw3T1IccZ7CwZWwS18U&export=download” title=”Адил соз.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”978″ height=”1110″ extra=”image” style=”embed”]

Дереккөз: www.adilsoz.kz

Біз араздықты қоздыру бойынша қолданыстағы эксперттік әдістеме авторларының бірі Рахиля Қарымсақовадан (ф.ғ.к., доцент) пікірін де алған едік.

Рахиля Дәулетбайқызына ҚР ҚК 174-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған тұлғалардың адвокаттары жиі хабарласады. Сондықтан ол мұндай қылмыстық істердің алгоритмімен жақсы таныс.

ҚР ҚК 174-бабы бойынша тергеу кезеңдері

    • Алдымен тергеуші қылмыстық іс қозғайды.
    • Содан кейін Сот сараптама институтына жіберіп, сот психологиялық-филологиялық сараптама өндірісін белгілейді.
    • Сот сараптамасы бекітілген эксперттік әдістеме бойынша жүргізіледі.
    • Содан кейін сараптама қорытындысы (қазіргі тергеу және сот тәжірибесінде оны лингвистер емес, психологтар мен саясаттанушылар жасайды) тергеудің айыптау актісі мен соттық айыптау үкімінің негізі болып саналады.

Эксперттік әдістеме – негізгі түйткіл

Сараптама тағайындау мен жүргізу процесінің де жетілдіретін тұстары бар. Рахиля Дәулетбайқызының айтуынша, осындай әлсіз тұстардың бірі – эксперттік әдістеменің ескіруі.

Эксперттік лингвистикалық зерттеудің қолданыстағы әдістемесі 2006 жылы жасалған. Оны жасауға көптеген автор тартылған. Дегенмен Рахиля Қарымсақова осы әдістеме авторларының бірі ретінде оның жетілдіруді қажет ететінін айтады, осы саладағы соңғы ғылыми-тәжірибелік жетістіктерді есепке ала отырып, түбегейлі қайта жасап шығу керек деп есептейді.  

Қазіргі әдістемеде міндеттер, алгоритм, анализ жасау процедурасы, әдіс-тәсілдер, технологиялар анық емес және толық емес, сонымен бірге таяу шет елдердің соңғы ғылыми-тәжірибелік жетістіктері пайдаланылмаған.

“Сот сарапшылары жұмыс істейтін әдістеме араздықты қоздыру процесін толықтай сипаттай алмайды. Араздықты тудыру процесі кез келген сөздің ықпал-әсері секілді әртүрлі формада болады, яғни басқаларды шақыру, насихаттау сынды бірнеше кезеңнен тұрады.

Тағы бір кезең – заңда көрсетілген топқа деген жаулық көзқарастың, араздық әрекеттің болуын түсіндіретін тұжырымды, негіздемені немесе мұндай қарым-қатынасқа негіз жоқ екенін көрсету. Басқаша айтсақ, белгілі бір тұлғаның араздықты қоздыруы міндетті түрде белгілі бір топқа (оқырманға немесе тыңдарманға) қатысты ұстанымды білдіреді, оның құрамында кемсіту сипатындағы әрекет болуы керек. Өкінішке қарай, әдістемеде араздықты қоздырудың бұл механизмі нақты көрсетілмеген”.  

Кейде діни, әлеуметтік, ұлттық, рулық араздықты қоздырды деп осы топтағылардың бірі туралы жағымсыз пікір білдірген адамды да қылмыстық жауапкершілікке тартатын жағдайлар болады. Бұлай болмауы тиіс.

Судьялар мен сарапшылар

Сараптама жүргізу субъектілеріне қатысты да түйткілді мәселе бар, даулы ақпараттық материалдарды бағалау үшін керекті арнайы білімді нақты анықтай алу маңызды.

Қазақстанда жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша қозғалатын қылмыстық істерге сот психологиялық-филологиялық сараптамасын саясаттанушы мен психолог жүргізеді. Ал негізінде автордың араздық тудырған сөзінің мағынасын, бағытын, көздеген мақсатын анықтау үшін оның сөзіне сараптаманы филолог жасауы керек.

Ақталуыңыз мүмкін бе?

Статистикаға және Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда ақтау үкімдері аз, дегенмен мүлдем жоқ та емес. Мұндай істер біз талдап отырған бап бойынша да кездеседі. Мәселен, Кетпен ауылының мектебінде болған жағдайға байланысты Фейсбук және Вконтакте желілеріндегі жазбаға пікір білдіргені үшін төрт адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Комментарийде желі қолданушылары қайда және не жағдай болғанын сұраған.

Бұған алып-қосарымыз: Әділет министрлігінің сарапшылары сотталушылардың комментарийлерінде ұлтаралық араздықты қоздыру белгісі бар деп тапқан.

Дәл осы жағдайда жауапқа тартылғандардың ешқайсысы түрмеге қамалмаған.

25 қазан күні Алматы облысының Ұйғыр аудандық сотында Р.Сүлейменованың төрағалық етуімен өткен сот процесінде ҚР ҚК 174-бабының 1-бармағы бойынша ақтау үкімі шығарылған.

Сонымен қатар, судья осы істі тергеген тергеушілерге қатысты желі қолданушыларын заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін жеке қаулы шығарған.

Яғни, ақталуыңыз да мүмкін. Дегенмен, 174-бап бойынша іс қозғалу үшін жәй ғана бір жазбаға комментарий қалдыру жеткілікті екенін білген жөн.

 

Осы материалды жазу барысында көрсеткен көмегі үшін Рахиля Қарымсақоваға алғыс айтамыз.

 

 

Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope

Factcheck.kz