Қазақстандағы фактчекинг: Біз өткен жылы не істедік?

    11 мамыр күні MediaNet халықаралық  журналистика орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен Орталық Азия және Қазақстандағы тұңғыш фактчекинг және ақпараттың рас-өтірігін тексеруге арналған Factcheck.kz жобасын іске қосты. Құрылғанына көп уақыт бола қоймаса да, жыл соңына қарай біз де қорытынды жасауды жөн көрдік.  

    Алғашқы қадамдар

    Қыркүйек айында Factcheck.kz Project Syndicate-пен келісімшартқа қол қойды. Осыдан бастап оқырмандарымыз бұған дейін жарық көрмеген Project Syndicate контентінің фактчекингке қатысты, яғни ақпаратты саралау және тексеру, әлемдік экономикаға қатысты сараптамамалық эксклюзив материалдарына қол жеткізді.

    Factcheck.kz жобасы әлемдегі фактчекингтік ресурстар қатарына қосылды. Дәлірек айтсақ, reporterslab.org алғашқылардың бірі болып, Қазақстандағы фактчекинг туралы дерек жинап, оны өзінің картасына енгізді. 

    Біз не істедік?

    Өткен жыл қоғамда айтылған біршама мәлімдеменің рас-өтірігін анықтаумен есте қалды. Солардың бірқатарын қайтадан назарларыңызға  ұсына кетейік:

    Денсаулық:  ЖАЛҒАН | Метадонды БҰҰ конвенциясы бойынша медициналық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынған — Қазбекова

    Білім: ШЫНДЫҚ Қазақстанда ҰБТ-дан төмен балл алып та грант иеленуге болады

    Экономика: ЖАЛҒАН және МАНИПУЛЯЦИЯ | Ақышев: Зейнеткерлік жинау жүйесі құрылды.

    Ішкі істер жүйесі: ШЫНДЫҚ | Қазақстан әскерлері кез келген елге аттануға дайын.

    Саясат: ШЫНДЫҚ | Келімбетов: Ұлттық банктің қазіргі төрағасы Ақышев ӘХБ инвестиция тартуды қолдаған

    Жоба журналистері халықаралық фактчекинг және оларды тексеруге арналған негізгі құралдар мен қадамдарды «Дайджест» және «Әдіснама»  танымдық бөлімдеріне топтастырып отырды.

    Сіз білесіз бе, матариалдар статистикасы бойынша  ЖАЛҒАН ақпараттар басым.

    Ендігі кезекте назарларыңызға мәлімдемелер статистикасын, өткен  жылдың ең шулы материалдарын және келер жылға  қойылған мақсаттарымызды ұсынамыз.

    Байқап қарасақ, жоба аясында 143 бірегей материал жарияланыпты (оның әрқайсысын қазақ және орыс тілінде оқуға болады). Мұның  99-ы ТАРАЗЫмен тексерілген.

    Өткен жылғы көп оқылған  5 мақала:

    Қазақ тілінде:

    1. МАНИПУЛЯЦИЯ | Статистика комитеті: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%
    2. ЖАЛҒАН | Білім министрлігі оралмандарға мемлекеттік оқу грантын бермеу туралы бұйрық шығарған
    3. ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар
    4. ЖАЛҒАН | ЭКСПО көрмесіне журналист Джеймс Палмер келмеген – С.Куянов
    5. ШЫНДЫҚ | Қазақстаннан білімділер кетіп жатыр

    Орыс тілінде:

    1. ЛОЖЬ | Казбекова: на площади выходили в основном наркозависимые
    2. ПРАВДА | Изданная КИСИ книга Расула Жумалы содержит нарушения авторского права
    3. ПРАВДА | Келимбетов: Нынешний председатель НацБанка Акишев проголосовал за инвестиции в МБА
    4. МИФЫ | 12 мифов о Свидетелях Иеговы
    5. ЛОЖЬ | Прямые инвестиции бизнеса США в Узбекистан составят 34 млрд долларов

    Құрметті Factcheck.kz оқырмандары!

    Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы!

    Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз қандай да бір ақпараттың рас-өтірігін анықтауда қиындықтар туындаса, біз сіздерге қолұшын беруге дайынбыз. Сіздерді Facebook және Telegram желілерінде күтеміз. Тексерілген ақпаратты бірінші болып оқимын десеңіз, парақшаларымызға жазылуды ұмытпаңыз!

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.