Қараев: Мүмкін президенттікке өзін-өзі ұсынуға тыйым салу арқылы сайлау процесіне айтарлықтай саяси мән беру және қауіп-қатерді азайту мақсаты көзделген болар

    Парламент Мәжілісі 2017 жылғы 24 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қоюды қарастыратын кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады. Бұл талаптар бойынша, мемлекет басшысы қызметіне тек партия немесе қоғамдық ұйым өкілдері ғана үміткер бола алады.

    Сонымен қатар, президенттікке үміткерлерге тағы бір міндет артылып отыр. Жоба бойынша үміткер президенттік міндетін атқаруына кедергі келтіретін ауруы жоқтығын дәлелдеп беруі тиіс. Тағы бір міндет – президенттікке үміткер мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған, кем дегенде бес жыл тәжірибесі бар азамат болуы керек.

    Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгертулердің төңірегінде талас көп болады. Сол себептен олар бұл құжатқа қол қоймас бұрын мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске жолдайды деп үміттеніп отыр.

    Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Каспий қоғамдық университетінің кафедра профессоры Әліпаша Қараевтың айтуынша, бұл өзгертулер пікірталас туғызуы мүмкін.

    Конституция бойынша (40-бап), «Қазақстан президентігіне тумысынан республика азаматы болып табылатын,  40 жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда кем дегенде 15 жыл тұрақты тұрған  азамат үмітті болады алады. Конституциялық заңмен Республика Президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қойылуы мүмкін». Сол себептен енгізілген қосымша талаптар Конституция талаптарына қайшы келмейді. Алайда, Конституциялық нормаларға сай (1-бап), адам мен оның құқықтары, бостандығы жоғары бағаланатынын ескерсек, ал 33-бап бойынша адам сайланып, сайлануға құқылы екеніне сүйенсек, онда ұсынылып отырған өзгертулер дау тудырады. Себебі мемлекет азаматтарын маңызды құқығынан, яғни сайлану құқығынан айырады. Бұл жерде конституциялық антиномия орын алып отыр, яғни екі баптың заң күші бірдей, бірақ бір-бірімен үйлеспейді. Дегенмен, мұндай тәсілдің де тиімділігі бар. Тәжірибе барысында байқасаңыз, сайлау кампаниясын тиімді өткізу үшін саяси қолдау керек, ондай қолдауды тек ресми тіркеуі бар, Конституция шеңберінде жұмыс істейтін, мықты ұйымдасқан қоғамдық бірлестік немесе саяси партия көрсете алады

    дейді Әліпаша Қараев.
    Қараев: Мүмкін президенттікке өзін-өзі ұсынуға тыйым салу арқылы сайлау процесіне айтарлықтай саяси мән беру және қауіп-қатерді азайту мақсаты көзделген болар
    Скриншот Әліпаша Агаханұлының хатынан

    Заңгер әлем елдері тәжірибесінде мұндай шектеулер жоқ екенін айтады:

    Қазіргі мемлекеттердің басым көпшілігі өзін-өзі ұсынуға тосқауыл қоймайды, ынталы топтар мен саяси партиялардың өз кандидаттарын ұсыну құқығымен үйлестіреді. Алайда конституциялық тәжірибе кандидаттарды саяси партия ұсынатынын көрсетіп отыр. Мүмкін президенттікке өзін-өзі ұсынуға тыйым салу арқылы сайлау процесіне айтарлықтай саяси мән беру және қауіп-қатерді азайту мақсаты көзделген болар. Сол себептен қандай да бір тұжырым жасауға әлі ерте. Мұндай өзгертулердің ұтымды және ұтымсыз жағы бар. Қалай болғанмен де, қандай шешім қабылданатынын байқау керек. Пікірталас тудырып отырған мәселе болғандықтан, мемлекет басшысы құжатқа қол қояр алдында Конституциялық Кеңеске жолдап, түсініктеме сурауы мүмкін

    — дейді заңгер.

    Қараев: Мүмкін президенттікке өзін-өзі ұсынуға тыйым салу арқылы сайлау процесіне айтарлықтай саяси мән беру және қауіп-қатерді азайту мақсаты көзделген болар
    Скриншот Әліпаша Қараевтың хатынан

    Сонымен қатар, профессор Қараевтың ойынша, мұндай шектеу ерекше категориядағы кандидаттар мәселесін шешпейді.

    Шектеу енгізгеннен кейін фрик-кандидаттар мәселесі шешіледі деп ойламаймын. Олар ылғи да болған, Қазақстанда ғана емес, басқа ТМД елдерінде де болған. Фрик-кандидаттар – электоралды процестің бір бөлігі, қазіргі заманғы саяси технологиялардың сайлау барысында пайданылатын бір түрі. Сол себептен жаңа өзгертулер бұл мәселені шешпейді. Себебі фрик-кандидатты дауысқа салудың формальді түрде баламасын жасау үшін саяси партия да ұсынуы мүмкін

    – дейді Әліпаша Қараев.

    Қараев: Мүмкін президенттікке өзін-өзі ұсынуға тыйым салу арқылы сайлау процесіне айтарлықтай саяси мән беру және қауіп-қатерді азайту мақсаты көзделген болар
    Скриншот Әліпаша Қараевтың хатынан

    Естеріңізге сала  кетейік, 2017 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізілген болатын. «Заңнамалық заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар туралы» заң жобасы Конституцияға енгізген өзгертулерден кейін ұсынылып отыр.

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

    ЖАУАБЫН ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

    Please enter your comment!
    Please enter your name here