Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Google іздеу жүйесіне бірнеше кілтсөз/тіркес жазсаңыз немесе бірнеше сүзгіні белгілесеңіз, соған сай материалдарды тауып береді. Уақытыңызды үнемдеп, жүйкеңізге салмақ салмайтыны өз алдына. Оның бірнеше тәсілі бар. Сонымен…

Google лайфхактары

Қарапайым тәсілден бастасақ…

Сайттарды іздеу

Сайт туралы басқалардың не жазып жатқанын көргіңіз келсе немесе ондай сайттың бар-жоғын тексеруді қаласаңыз, іздеу жолағына “g” деп жазып, әрі қарай сайттың сілтемесін келтіреміз (міндетті түрде тырнақшаға алу керек).
Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Сайттың соңғы кэш нұсқасына (іздеу жүйесі автоматты түрде сақтап қалған нұсқа) қол жеткізу үшін сұрау салғанда cache: деп жазып, әрі қарай сайттың атын жазамыз. Немесе сұрау нәтижесінде көрсетілген сілтеменің жанындағы жасыл түсті бағдаршаны басу керек. Сонда “Кэш” нұсқасы көрсетіледі.

Тақырып жағынан ұқсас сайттарды табу үшін іздеу жолағына related: деп жазып, әрі қарай сайттың атын жазу керек. Немесе мұнда да сұрау нәтижесінде көрсетілген сілтеменің жанындағы жасыл түсті бағдаршаны басу керек, сонда “Кэш” дегеннен бөлек “Ұқсас” деген тетікті көреміз.

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Кілтсөз бойынша іздеу

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктеріЕгер нақты бір сөз немесе тіркес бойынша іздеу керек болса, ол сөзді не тіркесті тырнақшаға алыңыз. Іздеу нәтижесінде кейбір жайттардың болмағанын қаласаңыз, сол керек емес сөзге/тіркеске минус белгісін (-) қойыңыз. Министан кейін бос орын қалдырудың қажеті жоқ. 

Бір сөздің ағылшын тіліндегі мағынасы керек болса, сол сөзден кейін define деп жазыңыз. Google бірден сөзді орыс тіліне аударуды ұсынады (орыс тілі Google өнімдерінің негізгі тілі ретінде белгіленіп тұрған жағдайда), сонымен бірге сөздің ағылшын тілінде айтылу жиілігін де ұсынады.

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктеріБірден екі сұрау салғыңыз келсе, OR дегенді пайдалану керек.

Сұрауды нақты қалай жазарыңызды білмесеңіз, күмәнданған сөздердің орнына жұлдызша белгісін (*) қоюға болады.

Сайттағы нақты бір дүниені іздеген болсаңыз, гуглда мынадай комбинацияны қолданыңыз: site: деп жазу, сайттың аты және іздеген дүниеңіз. Бұл жоғары деңгейлі сайттарға қатысты. Ал басқалары үшін қосымша нүкте керек. Мысалы:  site:.gc.ca.

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктеріЖоғары деңгейлі домендер бойынша іздеуге де болады.. Мысалы, тек қана мемлекеттік сайттардан іздеу үшін site:gov деп жазасыз.

Белгілі бір сайттардағы белгілі бір сөздері бар белгілі бір парақша керек болса, алдымен іздеген тіркесіңізді немесе сөзіңізді жазасыз, содан кейін site: деп сайттың атын жазасыз да, одан кейін intext: деп, нақты керек тіркесті немесе сөзді жазасыз.

Кілт сөздермен URL бойынша да іздеуге болады. Ол үшін allinurl: деп жазып, содан кейін латын қарпімен кілтсөздерді арасына бос орын қалдырмай жазамыз, URL әдетте латын әріптерімен жазылады.

URL-ды сайттағы нақты бір парақшаның атын жазу жолымен де қолдануға болады. Мысалы: inurl:view/index.shtml қоғамдық орындарда орнатылған веб камералар тізімін көрсетеді.Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Белгілі бір құжат керек болған жағдайда құжаттың атын жазып, әрі қарай filetype: дейміз де, содан кейін қажетті форматты жазамыз, мәселен: pdf, epub, xls, doc және тағы басқа.

Хэштег бойынша іздеудің әлеуметтік желіде іздеуден айырмасы жоқ, торша белгісін (#) қоясыз да, іздеген хэштегіңізді жазасыз.

Google желісінің кеңейтілген мүмкіндіктері

Google желісінде кеңейтілген іздеу де бар. Ол бірден көрінбейді, сондықтан стандарт терезеде сұрау салу керек. “Баптаулар” деген бөлімнен “Кеңейтілген іздеу” деген тетікті іздейміз. Ол мына сілтемеде болуы да мүмкін.  

Жоғарыда айтылғандардың бәрі осы кеңейтілген іздеудің ішінде бар, атап айтқанда: нақты сөз/тіркес бойынша іздеу мүмкіндігі, белгілі бір сөздерді алып тастау, белгілі бір сайттан іздеу, құжатты қажетті форматта іздеу, т.б. Сонымен бірге тіл, географиялық аумақ, соңғы жаңарған уақыт, копирайт бойынша да іздеуге болады. Қысқасы, комбинация  саны екі есеге дейін артады.

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Мұндай кеңейтілген іздеуді дәл осындай нұсқада суреттер үшін де қолдануға болады. Түсіне, көлеміне және жан-жағының сәйкестігіне қарай таңдау мүмкіндігі де бар. Бұл параметрлерді ешқандай сілтемесіз-ақ, негізгі іздеу бетіндегі “Суреттер” деген парақшаға өту арқылы да тауып алуға болады.    

Google арқылы  https://patents.google.com жеке парағында патент іздеуге де болады. Мұнда да кеңейтілген іздеу бар, https://patents.google.com/advanced парақшасына өту арқылы күніне, өнертабысқа, географиялық аумаққа, тілге, өнертабыстың дәрежесіне орай сүзгіден өткізуге болады.

Егер Google үшін негізгі тіл ретінде ағылшын тілін белгілеген болсаңыз, тағы бір қулығын айта кетейік: Gmail поштада логиніңіз болса, Google арқылы өзіңізге қажет хаттар мен құжаттарды іздеуге болады. Ол үшін кілтсөзді жазып, негізгі панельден “More” дегенді, содан кейін “Private” дегенді бассаңыз жеткілікті. Сонда ол құжаттарды сізден басқа ешкім көре алмайды.

Мұндайдың қажеті жоқ деп тапсаңыз, өшіріп қоюыңызға болады. Ол үшін негізгі іздеу панелінен “Баптаулар” дегенге барасыз, әрі қарай “Іздеуді баптау”, сол жердегі “Жеке нәтиже” дегеннен “Жеке нәтижені көрсетпеу” дегенді таңдайсыз.

“Іздеу баптауынан” бір парақтағы іздеу нәтижесінің санына да шектеу қоюға болады, 10-нан 100-ге дейін. Соған сай жүктеу жылдамдығы да өзгереді, нәтиже көп болған сайын баяу жүктеледі. Осы жерден “Қауіпсіз іздеу” дегенді қосуға немесе өшіруге болады, ол порнография немесе басқа да күмәнді контентті жасырады.

Басқалар не іздейді?

Google Trends арқылы ізделген сұрақтардың статистикасын визуалды түрде көруге болады. Бұл жерден Аргентина, Австралия, Бельгия, Бразилия, Канада, Чили, Франция, Колумбия, Германия, Үндістан, Ирландия, Италия, Жапония, Малайзия, Мексика, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Филиппин, Польша, Португалия, Ресей, Швеция, Швейцария, Түркия, Ұлыбритания және Вьетнам елдерінің нәтижесі көрінеді.

Мұнда да нәтиже тақырып бойынша сүзгіден өтеді, атап айтқанда: бизнес, денсаулық, технология, спорт, трендтегі тақырыптар, тағы басқа. Олардың кейбірін Google негізгі бетке шығарып қояды, ал кейбірін өзіміз шығара аламыз. Кілтсөзді немесе тіркесті енгізсек, сервис ізделген сұраулардың кестесін сызып береді. Мұнда да географиялық аумақ, уақыт, категория, іздеу түріне орай сүзгіден өткізуге болады (сурет, Youtube, жаңалықтар, сатып алу бойынша іздеу).

Google желісінде іздеудің жасырын мүмкіндіктері

Сонымен бірге Google ел ішінде де аумақтарға бөліп көрсете алады, мысалы, қандай да бір мәселенің қай облыста кеңінен ізделгенін білуге болады. Осыған ұқсас сұрауларды да табу мүмкіндігі бар. Бірнеше тармақ бойынша кестелерді салыстыруға да болады. Нәтижені .csv форматында сақтап алуға, әлеуметтік желіде бөлісуге немесе сайтқа орналастыруға болады.

Сенеміз, бірақ тексереміз

Осыншалық мол мүмкіндігіне қарамастан, Google де қателесуі мүмкін екенін естен шығармаймыз. The Verge басылымы мынадай мысал келтіреді: 2017 жылдың 5 қарашасында Техас шіркеуінде болған атыстан кейін іздеу жүйесі алғашқы нәтиже ретінде күдікті Дэвин Патрик Келлиді радикал коммунист, фашистерге қарсы қозғалыспен байланысы бар адам ретінде сипаттаған сайттарды көрсеткен. Алайда, Келлидің бұрын әскери қызметпен айналысқаны және оның ешқандай террористік ұйыммен байланысы жоқ екені анықталған. Соған қарамастан, конспирологтар бұл тақырыпты іліп әкетті. “Google – құрал, бірақ эксперт емес”, – дейді The Verge осы жағдайды түйіндей келеді. Осы түйінді әрдайым есте ұстаймыз. .

Google желісін пайдаланудың басқа да мүмкіндіктері мен ақпаратты верификациялау үшін қажет өзге іздеу ресурстары туралы материалдар мұнда және мұнда.

*Мақалада Google және Power Searching With Google материалдары пайдаланылды.

 

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz