ФЕЙК | Видео: “Үрімшіні су басты”

Whatsapp мессенджерінде Үрімші қаласын су басқаны туралы видео таралуда. Видеоның сипаттамасында (тыныс белгілері сақталған) “Қытай Урумчы қаласы бүгін болған” деп жазылған.

ФЕЙК | Видео: "Үрімшіні су басты"

Үкім: Жалған

Шын мәнінде, мессенджерде тараған видео шындыққа сәйкес келмейді. 

Біз бұл видеоның рас-өтірігін анықтау үшін Google chrome браузеріне арналған InVID қосымшасын (Add-on) қолдандық. Ғаламтордағы мәліметтер бойынша видео 2011 жылы Жапонияда болған цунами кезінде түсірілген. Бұл видео да зомби-фейктердің қатарына жатады: түрлі әлеуметтік желілерде бәленше қаласын су басты деген атаумен жарық көріп отырған.

Видео бойынша толық есепті сілтемеден көре аласыздар.

Жалған видеоны анықтау туралы нұсқаулықты мына сілтемеден оқысаңыздар болады.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz