ФЕЙК | Видео: АрселорМиттал кеншілерінің ереуілі

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында “АрселорМиттал кеншілерінің ереуілі” деген видео кеңінен тарауда. Журналистер мен саясаткерлер, қоғам белсенділері видеодағы кадрлар Қарағанды облысындағы “АрселорМиттал” АҚ” шахталарындағы оқиғаларға тиесілі деуде.

Үкім: Жалған

Бұл видеоны 2008 жылдың қысында журналист Дана Нүкеева-Сой мен оператор Ержан Сыздықов Жезқазғандағы өзге компания кеншілерінің ереуілі кезінде түсірген. Видеоның бұл компанияға да, оқиғаға да еш қатысы жоқ.  

Түпнұсқа видеоның табу үшін кадрлардың скриншотын Яндекс сурет-ке жүктеп, оның 2013 жылы ғаламторда пайда болғанын анықтадық.  Іздестіре келе видеоының авторын да тауып, телефон арқылы нақты ақпарат алдық.

– Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы “Қазақмыс” кеншілерінің ереуілі еді. Сол кезде 800-ге жуық адам шахтаға түсіп, шықпайтындарын мәлімдеген. Операторым екеуіміз сол жаққа іссапарға бардық. Осы видеоны түсірдік. Бұл біздің видео екенін растаймын. Біз сол оншақты жыл бұрын болған ереуілді түсірдік.  Кеше видеоның желіде жүргенін көргенде… иә. бұл – біздің видео, – деді Дана телефон арқылы.

Сонымен қатар, видеодағы арнайы киімдер “АрселорМиттал” компаниясына тиесілі емес.

Қорытынды ретінде осыдан 10 жыл бұрын  Жезқазғанда түсірілген видеоны беріп отырмыз. Контенттен фейк видеодағы кадрларды байқауға болады.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсанда 200-ге жуық кенші жер бетіне шығудан бас тартып, жалақыларын 100 пайызға арттыруды талап етті. Екі күннен кейін кеншілердің үсітенен сотқа шағым түсірді. 15 желтоқсанда кеншілер жер бетіне шықты және АМТ олардың айлығын 30 пайызға арттыратын болды.

Factcheck.kz қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты бірнеше мәлімдемені тексеруде. 

Видеоны тексеру алгоритімін “Әдіснама” айдарындағы материалдардан оқи аласыздар. 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz