ФЕЙК | Стивен Хокингке жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айып тағылды

Отандық және ресейлік (сәл бұрынырақ) БАҚ-та “Стифен Хокингтке жыныстық қатынысқа мәжбүрлегені үшін айып тағылды” деген жаңалық пайда болған еді. Бұл мәтін, дәлірек айтсақ тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

ФЕЙК | Стивен Хокингке жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айып тағылды
Бастапқы дереккөзден скрин

Үкім | Жалған

Шындыққа жанаспайтын ақпарат 2017 жылдың қараша айында SitSetDigital.com сайтында жарық көрген. Іле-шала  snopes.com бұл ақпараттың фейк екенін дәлелдеген. 

Жаңалықтың фейк екені туралы бірқатар орыстілді БАҚ жазды. Соған қарамастан, қазақстандық басылымдар ресейлік интернет сайттарға, ресейлік сайттар өзге елдердің жалған ақпарат тарататын сайттарына сілтеме жасап, таратуда.

ФЕЙК | Стивен Хокингке жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айып тағылды

Фейк: Total.kz

Материалдың түпнұсқасында:

Стивен Хокингтің бұрынғы студенті ұстазы оны 1994 жылы жыныстық қатынасқа мәжбүрледі дейді. Айыптаушы Габриэль Дж. Келли сол уақытта 22 жаста болған.  

Sit Set Digital бұған дейін жалған ақпаратпен оқырман көзіне ілікпеген. Сондықтан да көп адам  сайттың таратқан ақпаратына сеніп қалды. Қазіргі уақытта SitSetDigital.com жұмыс істеп тұрған жоқ:

ФЕЙК | Стивен Хокингке жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айып тағылды

Аудармасы (қысқаша): «Бұл сайт <…> қатысушыларының бірі жалған ақпарат таратты. <…> Қатысушы өшірілді. Бұл үшін [сіздерден] кешірім сұраймын. Мен сатираның мұндай түрін ешқашан  қолдамаймын. Жалған ақпарат нақты айыптаулар мен оқиғаларға сенімсіздік тудырады».

Ешқандай да студент Хокингке жоғарыдағыдай айып тақпаған. Бұл тек ойдан шығарылған жалған ақпарат қана.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz