Фейк | ӘЧ – 2018-ден елге оралған Бразилия құрамасының автобусына жанкүйерлер жұмыртқа лақтырды

Бразилия құрамасы Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем
Чемпионатының 1/4 финалынан шығып қалды. Осыдан кейін бірқатар
отандық және шетелдік БАҚ өкілдері “ӘЧ – 2018-ден оралған Бразилия
құрамасының автобусына жанкүйерлер жұмыртқа лақтырды” деген
тақырыппен видео таратты.

Видеода автобусты адамдар жұмыртқамен атқылап жатады, олардың
ішінде арқасында “10” деген жазуы бар спорттық футболка киген жігіт пен
Бразилияның туын жамылып алған қызды байқауға болады.

Үкім: Жалған

YouTube Date Viewer сервисін пайдаланып, бұл видео осы жылдың наурыз
айында жарық көргенін анықтадық. Яғни, біз көрген әрекеттердің соңғы
футбол жаңалықтарына мүлдем қатысы жоқ.

The Quint ақпараттық порталының айтуынша Катариненседен шыққан
автобус Сан-Мигель-ду-Игуасудың BR-277 жағалауындағы қарсылық
шарасы кезінде соққының астында қалған. Ресми ұйымдар ол уақытта
автобустың жолда болғанын және Фос-ду-Игуасуға арналғанын растады. Сол
кезде оқиға видеоға түсіп қалған.

Қарсылық шарасы Бразилияның бұрынғы президенті Инасио Лула да
Сильваға қарсы өтіп жатқан және автобустың ішінде Бразилия құрамасы
болмаған.

2017 жылдың 12 шілдесінде жемқорлық және ақша жымқырды деген
айыппен Лула да Сильва 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол
аппеляциядан 2018 жылдың 24 қаңтарында жеңілгенімен, түрмеге тек 2018
жылдың 7 сәуірінде қамалған.

Бразилия құрамасының жанкүйерлері керісінше ойыншыларды
құрметпен әуежайдан күтіп алды.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz