Factcheck.kz Project Syndicate серіктесі болды

Factcheck.kz сайты Project Syndicate серіктесі болды.

Қазақстандық фактчекинг жобасы Project Syndicate авторларының фактчекинг, дебанкинг және ақпаратты тексеру мәселелері бойынша мақалаларын жариялаудың эксклюзив құқығына ие болды. Сондай-ақ, серіктестікке сай Factcheck.kz «Контекст» айдарында Орталық Азия мен ТМД елдерінің экономикасына қатысты талдау материалдарын жариялап тұрады. Материалдар екі тілде де (қазақ және орыс тілдерінде) жарияланады. Жобаға Сорос-Қазақстан қоры қолдау көрсетті, бірегей аналитикалық контент сайтқа да, оның оқырмандарына да тегін ұсынылмақ.

  • Project Syndicate – аса өзекті ғаламдық мәселелер бойынша кәсіби комментарийлерді жариялайтын коммерциялық емес ұйым. Бұл жобаға беделді саясаткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендер материал жазады, олардың арасында Нобель сыйлығының 45 лауреаты мен 111 мемлекет басшысы бар. PS материалдары әлемнің 150-ден астам еліндегі бес жүзге жуық бұқаралық ақпарат құралында жарияланады.
  • Бұған дейін Project Syndicate тақырыптық материалдарын жариялау құқығын
    Vlast, Forbes, Exclusive және 7kun сияқты қазақстандық басылымдар иеленген болатын.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz