“Біздің кінәміз не? Осы мемлекеттің азаматы немесе осы ауылдың тұрғыны болғанымыз үшін кінәлі шығармыз?”

Көктемде су мол болды, жаз да жауын-шашынды болады деген болжам жасалған. Ал кейбіреулер төтенше жағдайға кінәлілерді іздеуде. «Зардап шеккендерді, мүлігі мен малынан айырылғандарды  не істейміз?» деген мәселе басы ашық күйінде қалып отыр.

1-нұсқа: Синоптиктер кінәлі

Республиканың бірқатар өңіріне қызыл су келгенде ресми билік өкілдері болған жағдайға синоптиктерді кінәлады. Дәлірек айтсақ, 17 сәуір күні Астанада сел мәселесіне орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деді.

«Қазгидромет бірқатар өңірде жасаған болжамы қате болғанын мойындады. Селдің болуы жайында дұрыс есеп жасалмаған. Бұл көктем ерекше болып тұр. Сол Қазгидрометтің мәліметі бойынша жауын-шашынның көптігі көп жылғы межеден асып отыр», – деді Юрий Ильин. 

"Біздің кінәміз не? Осы мемлекеттің азаматы немесе осы ауылдың тұрғыны болғанымыз үшін кінәлі шығармыз?"
Скриншот https://regnum.ru сайтынан

 Мұндай мәлімдеме жасалғаннан кейін, бір айдан аса уақыт өткенде «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылары жауап қайтарды. 18 мамыр күні Алматыда «Қазақстандағы сел: мәселелер мен шешу жолдары» атты талқылау барысында «Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров наурыз айының басында синоптиктер ескерту жасаған, яғни қар мөлшері жергілікті су қоймаларының мүмкіндігінен 2-3 есе көп екенін айтқан және сел барысында 16 рет дауылды алдын ала ескерту жасалған дегенді айтты.

«Жалпы, біздің болжам 85% шындыққа жанасты. Бізде бар материалдық-техникалық мүмкіндіктерді ескерсек, міндетімізді жақсы атқардық», – деді Серік Саиров. 

"Біздің кінәміз не? Осы мемлекеттің азаматы немесе осы ауылдың тұрғыны болғанымыз үшін кінәлі шығармыз?"
Скриншот https://zonakz.net сайтынан

Мәселені талқылау барысында синоптиктерді қорғап Қазақстандағы қолданбалы экология жөніндегі тәуелсіз агенттіктің бас директоры Мәлік Бүрлібаев сөз сөйледі.

«Кезінде Қазақстан өзендерінде 506 гидробекет болған, қазір 307-сі қалған. Ал халықаралық метеорологиялық ұйым ұсынысы бойынша, бізге кем дегенде 800 гидробекет керек. «Қазгидромет» сіздерге Хоттабыч шал емес қой, мұндай жағдайда болжам жасайтын», – деді Қазақстандағы қолданбалы экология жөніндегі тәуелсіз агенттіктің бас директоры Мәлік Бүрлібаев.

2-нұсқа: Зардап шеккендер кінәлі

Болған жағдайды талқылай келе, сарапшылар зардап шеккендердің өздері де кінәлі дегенді айтты. Себебі олар үйлерін өзен алқабына салған.

«Селдің негізгі проблемасы халықтың үйді өзен алқабына салғанында болып тұр. Мен арнайы космосуреттерді көрдім және су басқан Атбасар, Ақтөбе, Петропавлда  барлық жер үйлер өзен алқабында тұр. Алқапты су басады. Олар су басатын жерге үй салады, сосын су басты деп шағымданады. Негізгі мәселе осы», – деді географ, саясаттанушы Марат Шибутов.http://agkipr.kz/archives/1216

Оның сөзін Қазақстандағы қолданбалы экология жөніндегі тәуелсіз агенттіктің бас директоры Мәлік Бүрлібаев қолдады.

  • «Өзен алқабындағы суда қалған адамдарды ол жаққа ешкім зорлап апарған жоқ. Олар бар күшімен сол жерден жер алған, сөйтіп өзен алқабына түсіп кеткен. Енді өздері шықсын ол жақтан», – деді Мәлік Бүрлібаев. http://agkipr.kz/archives/1216

    Сарапшылардың мұндай тұжырымына 52 жасар Айдар есімді Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданының Диев ауылдық округінің тұрғыны аң-таң. Себебі, өмір бойы өзенге жақындығы жоқ ауылын еш уақытта су баспаған, әрі үйін ол өзі салмаған, атасы салып кеткен.

«Біздің кінәміз не? Осы мемлекеттің азаматы немесе осы ауылдың тұрғыны болғанымыз үшін кінәлі шығармыз! Біз әдейлеп күрек алып, су аққан тесіктерді жауып жүрмедік», – дейді Диев ауылдық округінің  Айдар есімді тұрғыны factcheck.kz тілшілеріне.

Айдардың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ол су басқан үйінде жалғыз өзі тұрып жатыр, себебі үйінің жиһазы жарамсыз болып қалған, үйдің ішінде бақалар жүр. Сол себептен әйелі мен немересін енесінің үйне жіберген, балалары қалада пәтер жалдап тұрады. Соған қарамастан, ол мемлекеттен көмек сұрамайтынын айтады. Бірақ күтпеген жерден су астында қалған үйін қалай реттейтінін білмейді. Оның айтуынша, көршілері көбірек зардап шегіп отыр, бірақ олар өз жағдайлары жайында тілшілерге айтудан бас тартты.

3-нұсқа: Жергілікті атқарушы билік кінәлі

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бөлінген қаржыны дұрыс игере алмаған, дер кезінде халыққа ескерту жасамаған, өзен алқабы маңынан халыққа жер сатқан, бұған енді сол селден зардап шеккендерді зардап шеккен деп мойындамай отырғанын қосыңыз.  

Factcheck.kz