Американың Қытайға қатысты бүлдіргі саясаты

СИНГАПУР – Әлемдегі ең маңызды да күрделі екіжақты қарым-қатынас – АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас.   Парадокстармен, қате пайымдармен және сенімсіздікпен матасқан бұл қарым-қатынас белгісіздікке, тіпті тұрақсыздыққа себепкер болуы мүмкін. Мұны тұтанып келе жатқан екіжақты сауда соғысынан анық байқауға болады.

Кім кінәлі?

АҚШ презденті Дональд Трамп әкімшілігі бастап берген қазіргі даудың басы – “Американың сауда дефициті тым үлкен, және бұған Қытай кінәлі” деген пікірге келіп тіреледі. Тіпті АҚШ-тың Қазынашылық хатшысы Стив Мнучин Қытайдан 2020 жылға дейін АҚШ-қа қатысты сауда сальдосын 200 миллиард долларға дейін азайтуды талап етті.

Ал, білікті экономистердің көбі Американың сауда дефициті – жеке қордың аздығы, мемлекеттік дефициттің көптігі және әлемдегі ең басты резерв валютасы ретіндегі АҚШ долларының маңызы сияқты ішкі құрылымдық экономикалық факторлардың әсерінен болып жатқан құбылыс деген пікірмен келіседі. Петерсон атындағы Халықаралық экономика институтының аға ғылыми қызметкері Джозеф Гагноннң айтуынша, АҚШ сауда дефицитін азайтқысы келсе, ұлғайып кеткен бюджет дефицитін төмендетуі керек.

Дегенмен, Америка сауда дефицитін азайту керек пе, жоқ па, бұл да анық емес. Сыртқы дефицит көлемі үлкен болғанымен, АҚШ-тың басқа елдерге қарағанда артықшылығы көп. Доллардың резерв валютасы ретіндегі рөлінің арқасында АҚШ әлемдегі қаржы қорларының көбін өзіне сіңіре алады, сол арқылы өз ішіндегі қор жетіспеуінің орнын толтырады.  Оның үстіне, Трамптың Экономикалық ақылдастар кеңесі ақпанда ескерткеніндей, АҚШ қызмет көрсету жөнінен әлем елдерінен, соның ішінде Қытайдан алда келеді.

Бірақ рационал экономикалық аргументтен бас тартып отырған тек Трамп әкімшілігі емес. Ел ішінде басқа саясатымен келіспесе де, Трамптың Қытаймен саудаға қатысты ұстанымын қолдайтындар көп, себебі Трампқа қарсы шығып жүрген америкалықтардың көбі Қытай ережеге сай ойнап отырған жоқ деп санайды. Мәселен, саяси сарапшы Фарид Закария: “Негізгі фундаментал мәселе бойынша Трамптың сөзінің жаны бар: Қытай – саудада өтірікші ел”, – деді.

Кімнің есебінен?

Қытаймен бұл қарым-қатынас арзан қытай импортын ағылтып, Америка жұмысшыларының өмір сапасын күрт жақсартты, олардың орташа табысы 40 жылдан бері өспей келе жатқан. Oxford Economics консультантының пікіріне қарағанда, Қытай тауарларын сатып алудың арқасында Американың әр отбасы жылына 850 доллар үнемдейді екен. Америкадағы отбасылардың 63 пайызының қажетті күнге деп жинаған 500 доллары да жоқ екенін ескерсек, бұл – аз сома емес.

Әрине, АҚШ-пен және әлемнің басқа бөлігімен ашық сауданың арқасында Қытай жаһан тарихындағы кедейлікпен күрестің ең жылдам үлгісін көрсетті. Бірақ бұл – Қытай экономикадағы пайданың бәрін өзі көріп жатыр дегенді білдірмейді. Мәселен, қытайлық Foxconn зауыты сатылған әрбір 800 долларлық iPhone-нан бар болғаны 7,40 доллар пайда көреді, ал табыстың көбі америкалықтарға кетеді.

Қытай саясаткерлері қазір Батыстың ең басты экспорты саналатын замауни экономикалық теорияға иек артты. Дегенмен, Қытай жағдайды дұрыс бажайлай алмаған АҚШ қабылдаған шешімдерден зардап шегіп жатыр. Қытай АҚШ-тың қысымына көндіге ме, мәселе сонда.

Қытай басшылығы прагматик саясат ұстанып отыр. Бірнеше символикалық шегініс (1980-жылдардағы Жапония сияқты ерікті экспорттық шектеулер енгізсе) қақтығыстың алдын алатын болса, Қытай оны істеген болар еді. Бірақ эконмикалық тұрғыдан негізделмеген ірі талаптарға келгенде Қытай илікпейтін шығар.

Осы тұста Мнучиннің Қытайдан “Made in China 2025” жоспарынан бас тартуды талап еткенін мысалға келтіруге болады. Америка қазірдің өзінде Қытайдан келген жоғары технология құралдарын жеткізуге шек қойды (соның ішінде АҚШ компанияларының  ZTE корпорациясына компьютерлік бағдарлама мен қосалқы бөлшектер сатуына жеті жылға тыйым салды). Қытай өз экономикасын ғаламдық құн тізбегінің жоғарғы сатысына көтеру стратегиясының маңызды тұсы – жоғары технологияны дамыту ізденістерінен бас тартпақ емес.

Тоқетерін айтсақ, Қытай қанша рационал болуға тырысқанымен, сауда соғысының болуы әбден мүмкін, және бұл америкалықтарға да қытайларға да зиянын тигізері анық. Екіжақты қарым-қатынастың барған сайын нашарлауы осындай нәтижеге алып келе жатқан тәрізді.

Не істеу керек?

АҚШ-тың екі университетінде үш ай уақыт өткізгенде соңғы жылдары Қытайға деген көзқарастың қаншалық өзгергенін байқадым. Қытай саясаткерлері осы өзгерістің қарқынынан хабардар болса (арасындағы жоғары лауазымды басшыға бұл туралы айттым да), олардың соңғы 20 жылдағы АҚШ-қа қатысты байсалды да рационал саясаты келесі 20 жылда кәдеге аспайтынын түсінсе керек-ті.

Американың Қытайға қатысты көзқарасының неге нашарлап кеткенін түсіндіру үшін бір кітап жазу керек болды. Алдағы он жылда Қытай демократиялық ел болмаса да, АҚШ-ты экономика тұрғысынан басып озады. Американың бірнеше білімді азаматы демократияға айналса, мұндай үлкен Қытайды құп көретіндерін айтты.

Мұнда тағы да аздаған иррационализм байқалады: демократиялық Қытай популистік және националистік қысымға анағұрлым сезімтал болады да, АҚШ үшін ыңғайсыз әріптеске айналады. Идеология көзін байлаған АҚШ экономикалық рационализмге сүйенген Қытайдан келетін пайданы көрмей тұр.

Болашақта тарихшылар Американың Қытайға қатысты ұзақмерзімді саясаты салқын есептің нәтижесі болмағанына өкініш білдіретін болады. Есесіне олар Американың  көпшілікке ұнайтын  саяси поляризациясы мен қарабайыр идеологиясы бүлдіргі һәм мәнсіз конфликтіге алып келгенін айтады.

Американың Қытайға қатысты бүлдіргі саясатыКишоре Махбубани – Сингапур Ұлттық университетінің профессоры, “Жоғалған Батыс” (Has the West Lost It?) кітабының авторы.

Copyright: Project Syndicate, 2018.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz