Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі менингит туралы хабарламалар

Биылғы жылы Қазақстанда менингит тақырыбының үдеп кетуіне БАҚ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер себеп болды. Шыны керек, қазір – WhatsApp өсекті таратуға таптырмас құрал, соның нәтижесінде адамдар ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбестен дау тудырып жатады. Ал ондағы фейк ақпараттарды қадағалап отыру мүмкін емес.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде эпидемия тарағанын айтып, ауырғандар мен қайтыс болғандардың суреттерін жіберетіндер толып жүр.  Сонымен қатар, менингит – басқа елдердің Қазақстанды басып алудағы  бір жоспары деген ақпарат тарады.

Factcheck.kz бірнеше танымал фейктерді талдап көрді.

1.Тараған ақпараттардың бірінде жас жігіттің мемориалдық суреті бар. Ол менингиттен көз жұмды делінген.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі менингит туралы хабарламалар

Үкім: Шындық

Ол М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенті болып шықты. Академия басшылығы factcheck.kz редакциясына мұны растады.

2. Менингококк инфекциясы Алматыда 2016 жылы салынған лабараториядан тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі менингит туралы хабарламалар

Үкім: Жалған

Factcheck.kz бұрындары обаға қарсы институт базасында қауіпті патогендерді сақтайтын биолаборатория (ресми атауы – орталық референттік лабаратория) бар екенін жазған болатын. Тағы да естеріңізге саламыз: лабараторияда оба, туляремия, бруцеллез, сібір жарасы сынды аймаққа қауіпті аурулардың қоздырғыштары сақталған. Ол жерде менингококк және басқа да менингит қоздырғыштары зерттелмейді.

Редакция менингитке қатысты және одан болған ауыр жағдайларға байланысты ақпараттарды тексеруді жалғастырады.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz