Әдіснама | Ақпаратты қалай архивтеуге болады

*Бұл мақала Арик Толердің «How to Archive Open Source Materials» (Ашық ақпараттарды қалай архивтеуге болады) атты материалы негізінде дайындалды. Біз Орталық Азияға қолайлы бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бізге интернет ешқашан жойылып кетпейтіндей көрінеді. Бірақ мұндағы ақпараттарды әлдебіреулер өшіріп тастайды, блоктайды немесе өзгерте алады. Осындай жағдайға тап болмас үшін мәліметтерді басқа ресурстарда архивтеп қойған дұрыс. Мұндай ресурстар материалды алғаш салған адам өшіріп тастаған күннің өзінде оны сақтап қалуға немесе материалдың жарық көргеніне дәлел болуға көмектеседі. Скриншот жасап алу жеткіліксіз. Себебі фотошоп пен басқа да графикалық редакторлардың күшіне әлі ешкім тосқауыл қойған жоқ.

Әңгіме Archive.today мен Archive.org туралы болмақ. Біз әрқайсысының артықшылықтары мен кемшін тұстарын айтып өтеміз, бірақ мүмкіндік болса, ақпаратты екі ресурста да сақтаған дұрыс.

Қазақстанда Archive.org пен Archive.today блокталған. Сол себепті біз анонимайзерлер мен VPN-ді қолданамыз.

Сонымен қатар, бұл материалдан сіз кез-келген видео мен аудионы қалай көшіріп, архивтеп қоюға болатыны жөнінде және арнайы плагиналар, PDF, мүмкіндігі көп ақылы бағдарламалар туралы ақпарат ала аласыз.

Archive.today (бұрынғы Archive.is)

Бұл сайт 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мүмкіндігі мол және Archive.org-қа қарағанда әлеуметтік желілердің көбімен жұмыс істейді, бірақ тұрақты емес. Қытай, Ресей және Финляндияда экстремистік контент үшін жауып тастаған. Бірақ блокталған болса,Archive.li, Archive.ch «айнасы» арқылы айналып өтуге болады.

Контентті сайт қолданушылары ғана сақтай алады. Ол үшін бас беттегі қызыл жолаққа URL енгізіп, «savethepage» («парақшаны сақтау») батырмасын басу жеткілікті.

Дереккөз: Archive.today

Альтернативті тәсіл: өз браузеріңіздегі «Панель закладки» батырмасына сайт парақшасынан «archive.is» батырмасын алып келіңіз. Осылайша сіз өзіңізге қажет болған кез-келген парақшаны Archive.today-ге кірмей-ақ сақтай аласыз.

Дереккөз: Archive.today

Егер ақпаратты сізге дейін біреудің сақтаған-сақтамағанын білгіңіз келсе, бас беттен сәл төмен түсіңіз. Көк жолға сілтемеңізді енгізіп, «search» батырмасын басыңыз.

Дереккөз: Archive.today

Сілтеменің дұрыс жазылғандығына күмән келтірсеңіз не істеу керек?

Оны да бірнеше мысалдармен түсіндіріп көрейік. Tengrinews сайты қазақстандық әкімдер туралы жазды дейік, сізге сол архив материал өте қажет болып тұр. Ең әуелі мұндай мақалалардың әдетте қай бөлімде жарияланатынын қараңыз. Мұндай жаңалықтар негізінде «Қазақстан жаңалықтары» айдарымен жарық көреді. Яғни URL https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ деп басталуы керек. Сілтемені Archive.today іздеу жолына енгізіп ары akim* деп жазамыз. Жұлдызша осы бөлімде akim сөзі кездескен барлық URL-ді табуға көмектеседі.

Дереккөз: Archive.today

Іздеу нәтижесінде бұрынғы қолданушылар сақтаған парақшалар мен олардың сілтемелері шығады. Бір парақшаның бірнеше нұсқасы кездесуі мүмкін.

Сонымен қатар Archive.today парақшаны бір сурет ретінде сақтай алады. Кез келген суретті өзгертуге болатынын ескерсек, оларға толық сенім артуға болмайды.

Сонымен қатар жүйе әлеуметтік желілердегі контентті сақтай алады. Бірақ қолданушы «достарыма ғана қолжетімді» деген шектеу қойған болса сақтау мүмкін емес.

Archive.today көмегімен әлеуметтік желілерден жазбаларды сақтауға бола ма?

  • Facebook – сақтау мүмкіндігі бар, бірақ жазбамен бірге жарияланған сурет пен видео архивтелмейді.
  • Instagram – архивтеу мүмкін емес.
  • Twitter – архивтеу мүмкіндігі бар, бірақ жазбамен бірге жарияланған суреттер, видео мен сілтемелер сақталмайды.
  • ВКонтакте, Одноклассники – архивтеуге болады, бірақ суреттер мен видеолар автордың шектеу қоюына байланысты сақталмауы мүмкін.
  • Youtube – видеоны емес, метадеректер мен мәтінді сақтай алады.

Archive.org

Ресми атауы – Internet Archive. Мыңдаған кітаптарды, аудио, видео, сурет, бағдарламалар мен вебсайтты көпшілікке қолжетімді етіп сақтаған алып цифрлы кітапхана. Internet Archive Wayback Machine – контентті архивтей алатын жобаның бөлігі.

Archive.today-ге қарағанда Archive.org-тың бюджеті жоғары болғандықтан техникалық жағынан тұрақты. Archive.org-тың тағы бір айырмашылығы – ол қолданушылардан бөлек өзі де сайттарды «суретке түсіре» алады. Сонымен қатар біз сайтты ақпаратты сақтаған кездегі түрімен көре аламыз.

Дереккөз: Archive.org

Бірақ Archive.org-тың әлеуметтік желілерімен жұмыс істеуі қиын. Өйткені Archive.today әлеуметтік желілердегі контентті сақтай алады. Себебі онда  арнайы парақшалары бар, ал Archive.org-та ондай мүмкіншілік жоқ. Соған сәйкес, архивтеу де қиын.

Archive.org қандай әлеуметтік желілермен жұмыс істейді?

  • Facebook, ВКонтакте, Одноклассники – көпшілікке қолжетімді ашық  парақшалармен ғана.
  • Instagram – архивтеу мүмкін емес.
  • Twitter – Жазбамен қоса жарияланған суреттер, видео мен сілтемелер сақталмайды.
  • Youtube – видеоны айтпағанның өзінде, метадеректер мен мәтіндерді әзер сақтайды.
  • Youtube видеосын архивтеу YouTube Crawl арқылы жүзеге асады, бірақ ондағы іс-әрекеттің реті сізді шатастырып жіберуі мүмкін.

Видео мен суретті қалай сақтауға болады?

Archive.org пен Archive.today-дің оларға шамасы жетпесе, басқа амалдарын қарастырып көруге болады. Өкінішке қарай, оған арнайы бағдарламалар жоқ, сол себепті қажет болған видео немесе суретті өзіміз көшіріп, олардың жанына метадеректердің скриншотын қоса сақтап отыруымыз керек. Мақсат – контентті өзгертпегеніңізді дәлелдеу.

YouTube-тан видеоны қалай сақтап алуға болады?

Видеоны көшіру оңай. KeepVid, Y2Mate, Savefrom және басқа да бағдарламалар жеткілікті. Тек компьютеріңізде бос орын болу керек. Видеоны немесе тақырыбын, көшірілген күн мен сипаттамасын сақтау үшін міндетті түрде метадеректердің скриншотын жасап, парақшаны Archive.today-де архивтеңіз.

Instagram-дағы фото мен видеоны қалай көшіріп алуға болады?

Сурет

Инстаграмның өзінен тікелей көшіру мүмкін болмағандықтан, басқа сайттарға жүгінуімізге тура келеді. Бірден айтайық, олар Инстаграмнан контентті ұрлап жатқандықтан сеніммен қарауға болмайды.

Инстаграмның өзінен барлық суреттерді рұқсатымен көшіру үшін төмендегідей әрекет етіңіз:

  1. Парақшаның URL-ын тауып ID-дан кейін тұрғанның бәрін өшіріңіз. Мәселен, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің суретін алайық.

Оның сілтемесі — https://www.instagram.com/p/BcaAM3FAHXu/?taken-by=healthcare.gov.kz. Бұл жерде ID дегеніміз BcaAM3FAHXu болады. Одан кейін тұрғанның барлығын өшіріп тастаймыз.

2.Сілтемеге media/?size=l  (соңғы символ – латындық L) дегенді қосамыз. Нәтижесінде – https://www.instagram.com/p/BcaAM3FAHXu/media/?size=l  шығады.

3.Ашылған суретті көшіреміз.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің инстаграм парақшасы.

Видео

Инстаграмнан видеоны көшіру үшін KeepVid, Gramblast және DreDown қызметтерін пайдалануыңызға болады.

Facebook-тан ақпаратты қалай көшіруге болады?

Сурет

Фейсбукта арнайы опция болғандықтан жағдай Инстаграмға қарағанда жеңілдеу. Суреттің оң жақ астында орналасқан «Опции» батырмасын басып, ары қарай көшіреміз.

Дереккөз: Facebook

Бірақ сапасына жауап бере алмаймыз. Фейсбук суреттерді қысатын болғандықтан, көшіріп алған суреттің сапасында түпнұсқадан айырмашылық болуы мүмкін.

Видео

Видеоға қатысты айтар болсақ, әлеуметтік желі дайын батырманы көрсетпеген. Оған мынадай амал бар:

Дереккөз: Facebook

1.Видеоның үстінен оң жақ батырманы басамыз да, мәзірден «Показать URL-адрес видео» таңдап сілтемесін көшіреміз.

  1. FBDown.net сынды сыртқы қызметтерге жүгініп, олардың интерфейсіне сілтемені қойып, көшіріп алуыңызға болады.

Ақпаратты ВКонтакте-ден қалай көшіруге болады?

Сурет

Дереккөз: ВКонтакте

Бұл әлеуметтік желіден ақпарат көшіру жеңіл: суреттің төменгі жағындағы «Түпнұсқаны көру» батырмасын басып, көшіреміз.

Қолданушы суретті өшіріп тастаған күннің өзінде оны сілтеме арқылы көшіріп алуға болады: ВКонтакте желісі суретті толық нұсқада сақтап қояды.

Видео

YouTube секілді ВКонтакте-де видеоны сыртқы қызметтер арқылы көшіруге тура келеді. GetVideo.org – солардың бірі. Өзімізге қажетті видеоны таңдап, оң жағын түртіп, «Сілтемені көшіру» батырмасын басамыз, оны GetVideo-ға қоямыз. Сапасы ең дұрысын таңдап, көшірілгенін күтеміз.

Одноклассники

Сурет

Дереккөз: ok.ru

Суретті сақтау үшін төменде көрсетілген толық экранды режимді таңдаймыз. Сонан соң оны сақтаймыз немесе скриншот жасаймыз.

Видео

Одноклассники әлеуметтік желісінен видео көшіруге арналған бағдарламалар көп емес. Солардың бірі – Video-Download.co.

Басқа тәсілдер

Егер жоғарыда айтылған тәсілдер шектеудің әсерінен жұмыс істемесе немесе контент белгісіз платформада тұрған болса, басқа да амалдарды қарастырып көруге болады. Бірақ олар ақылы.

Тікелей трансляциялардың өзін көшіре алатын Apowersoft’s Video Download Capture тарифтері 12.95$ басталады. Бұл бағдарлама браузеріңіздегі видеоны танып, оның түпнұсқасын тауып, көшіруге мүмкіндік береді. Егер сізге бір ғана видеоны көшіру керек болса, Apowersoft’s Video Download Capture-нің сынақ режимінде көшіріп көруіңізге мүмкіндік бар.

Дереккөз: Bellingcat

Егер ақпаратты HTML-форматында архивтеп сақтаса, жеке веб-парақшалардың қорғанысын айналып өтуге болады. Бірақ олар бірнеше папка түрінде сақталады. Егер шатасып қаламын десеңіз, браузер мәзірі немесе Adobe Create-тің аналогты функциясы арқылы PDF форматында сақтауға болады. PDF форматындағы құжаттарды да өзгерту мүмкін екендігін естен шығармаңыз. Сол себепті өзіңіздің қатысыңыздың жоқ екендігін дәлелдегіңіз келсе, өзіңізге қажет парақшаны қалай алғаныңыз жөнінде видео жазып қойыңыз.

Дереккөз: Bellingcat

Ең алғырларға, сонымен қатар үнемі тергеу жүргізіп отыратындарға Hunch.ly плагині секілді автоматты тренингтер көмек болады.

Оны Bellingcat қызметкері Джастин Сейц жасап шықты. Hunch.ly сіз кіріп көрген кез келген парақшаны автоматты түрде сақтап отырады. Сол себепті интернеттен қараған парақшаларыңызды тауып алу қиын емес. Егер біреулер парақшаны өшіріп тастаса, оны Hunch.ly архивінен табуға болады.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz