Жалған | Алматыда кенелер мен масаларды ақ түтінмен жоюда

Әлеуметтік желілер және total.kz  сайтында «суық тұманның» көмегімен кенелер мен масаларды жою туралы хабарлама тарап кетті. Онда қала тұрғындарына 22.30-00.00 аралығында терезелерін ашпауды ескерткен.

Үкім: Жалған

Біріншіден, хабарламадағы «дератизация» сөзі тек кеміргіштерге қатысты айтылады, ал жәндіктердің көзін жою дезинсекция деп аталады.

Екіншіден, хабарлама Қазақстанның бірнеше қалаларында тарап, Павлодар әкімдігі және Алматы қаласы бойынша залалсыздандыру қызметі ақпараттың жалған екендігін айтты. Мұндай жұмыстар жоспарланбаған.

Контекст

Тараған хабарлама мәтіні мынадай (орыс тілінен аударылды):

Құрметті қала тұрғындары! 2018 жылдың 15 мамыры күні 22.30-дан 00.00-ге дейін дератизация, яғни кенелер мен масаларды жою жұмыстары жүргізіледі. Суық тұман тәсілін қолданамыз (ақ түтін болады). Осы уақыт аралығында терезелеріңізді жауып қоюды сұраймыз.

Кейінірек, total.kz сайты өздері жариялаған ақпараттың жалған екендігін, ал жәндіктерді жою жұмыстары, шын мәнінде, Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында болатынын мәлімдеді. Дәлел ретінде «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ресми Facebook парақшасындағы жазбаның скрині келтірілген.

Жалған | Алматыда кенелер мен масаларды ақ түтінмен жоюда

Қазіргі уақытта, «Байқоңыр» ауданы әкімдігі аппаратының парақшасындағы хабарламаның түпнұсқасы жоқ. Сол себепті, ақпарат тараған қалалардың ешқайсысында жәндіктерді жою туралы ресми мәлімет жоқ.

 

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz