NUR.KZ сайтының көшірмесі пайда болды

Ғаламторда күмәнді ақпарат пен жарнама таратып келген тағы бір көшірме сайт табылды. Бұл жолы алаяқтар Nur.kz сайтының дизайнын пайдаланған. Ең қызығы, жалған портал қазақстандықтар үшін күмән туғызбай, кейбір ақпарат құралдары фейк сайттың материалдарын көшіріп басқан.

Бұл сайт (біз бұған дейін де фейк сайттар  туралы  Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын мысалға ала отырып, жазған болатынбыз) алғаш рет 2015 жылы пайда болған.  Сол кезде Nur.kz сайттың фейк екендігі жайлы ақпарат таратқан.

NUR.KZ сайтының көшірмесі пайда болды
скрин: nur.kz

Бір қарағанда көшірмені түпнұсқадан айыру қиын. Десек те, көшірмеден Nur.kz-те кездеспейтін элементтерді табуға болады.

Айта кетерлік жайт, фотосуреттегі азамат Бақтияр Нурғалиев емес, Twitter-де жұмыс істеген танымал қазақстандық Асхат Мурзабаев.

Алаяқтардың арбауына түспеудің басты амалдарының бірі — браузердегі мекенжайды білдіретін сілтемеге назар аудару.

Фейк парақшалар көбіне  қазақстандық емес және ұзақ әрі оқуға қиын домендерде  беріледі.  Жоғарыда келтірілген фейк те, бұған дейінгі тоқталған мысалдарымыз да бұған дәлел. Кибер-алаяқтар  тек  Nur.kz-тің ғана емес, «Қазақпарат» агенттігі, «Қазақстан», «1-арна Еуразия» және «Хабар» телеарналарының сайттарының да көшірмесін жасаған еді.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz