Жартылай шындық | Алматыда жыл басынан бастап пәтерлер миллион теңгеге арзандаған

«Алматыда жыл басынан бастап пәтерлер миллион теңгеге арзандаған». Мұндай тақырыптағы мақаланы жуырда Tengrinews.kz интернет басылымы жариялады. Басылым әйгілі «Крыша» сайтында жарық көрген деректерге сүйенген. Біз оңтүстік астанада пәтер бағасы шынымен де соншалық арзандады ма және әңгіме қандай пәтерлер туралы екенін білу үшін тексеріп көрген едік.

Жартылай шындық | Алматыда жыл басынан бастап пәтерлер миллион теңгеге арзандаған
Скриншот tengrinews.kz сайтынан

Үкім: Жартылай шындық

Алматыда жыл басынан бері пәтерлер шынымен де арзандаған, бірақ миллион теңгеге емес.

Алғашқы дереккөз болып отырған «Крыша» басылымындағы деректерге сүйенсек, 2017 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында пәтердің 1 шаршы метрі 359 080 теңге болған, ал наурыз айында 342 400 теңгеге түскен.

Жартылай шындық | Алматыда жыл басынан бастап пәтерлер миллион теңгеге арзандаған
Скриншот krisha.kz сайтынан

Tengrinews.kz сайты «Крыша» басылымына сүйене отырып, мысалға қарапайым бір бөлмелі пәтерді келтіреді және мәтінде мұндай тұрғын жайдың бағасы шынымен де түскенін айтып, 700 мың теңге дегенді көрсетеді.

Жартылай шындық | Алматыда жыл басынан бастап пәтерлер миллион теңгеге арзандаған
Скриншот tengrinews.kz сайтынан

Егер айырманы (16 680 теңге) стандарт пәтердің аумағына көбейтсек, мысалы, 40 шаршы метрлік пәтерге көбейтсек, мұндай пәтер бағасының миллион теңгеге емес, 667 200 теңгеге төмендегенін байқаймыз. Миллион және одан жоғары бағаға арзандаған аумағы 60 шаршы метрден жоғары пәтерлер (16 680×60кв.м = 1 000 800 тенге). Бұл – үш бөлмелі пәтердің бағасы.

 

Аударған Жұлдыз Әбділда

Factcheck.kz